Бір жылдың ішінде Қазақстандағы азық-түлік бағасы 7% көтерілген

Новость на Казах-зерно:

Азық-түлік тауарларына деген баға 2018 жылдың сәуір айымен биылғы сәуірді салыстырғанда 7,1% өскен.Баға нан-бөлішке өнімдері, жарма, ет,балық, теңіз, сүт өнімдері мен жұмыртқа,май,қант,кондитерлік өнімдер мен алкогольді және алкогольсіз ішімдіктерге көтерілген. Ал, жеміс-жидек пен көкөністерге деген баға керісінше төмендеді.

ҚР ұлттық экономика статистика бойынша комитетінің есебіне сәйкес, жармалар бағасы ба өзгерістер бар. 2019 жылыдң Сәуір айында күріштің орташа бағасы 333 тг,ал 2018 жылдың сәуірінде күріштің бағасы 290 тг болған,ал қарақұмықтың бағасы биыл арзандады. Сәуір айындағы статистика бойынша қарақұмықтың килограммын 243 теңгеге алуға болады.Ал өткен жылы 266 теңге болған екен.

Құмшекердің бағасы биылғы жылдың сәуір айында 243 теңгені құраса, 2018 жылдың сәуірінде құмшекердің килограммын 203 теңгеге сатып алуға болатын.

Ет өнімдерінің арасында сиырдың жауырынына деген орташа баға 1575 теңгені құраса, өткен жылдың сәуірінде килограммын 1496 теңгеге сатып алуға болатын. Қой еті сүйегімен – 1502 теңге (1403 теңге), жылқы еті сүйекпен – 1789 теңге (1641 теңге), шошқаның жауырыны  – 1342 теңге (1258 теңге), жартылай ысталған шұжық – 2071 теңге (1895 теңге), тауықтың жон еті – 753 теңге (654 теңге).

2019 ж сәуір айындағы азық-түліктердің орташа бағасы, тенге/кг

  ҚР бойынша Баға Қалаларында тіркелді
сәуір 2018ж. сәуір 2019ж. ең төмен ең жоғары ең төмен баға ең жоғары баға
Бірінші сұрыптағы нан 125 137 108 168 Тараз Ақтау
Сүзбе 1 530 1 562 1 147 2 171 Петропавл Атырау
Қаймақ 1 014 1 050 799 1 314 Талдықорған Алматы
Мәйек ірімшігі 2 327 2 604 2 013 3 295 Шымкент Нұр-Сұлтан
Айран 278 285 225 350 Талдықорған Өскемен
Пастерленген сүт 217 240 182 258 Талдықорған, Тараз Алматы
Тұздалмаған сары май 1 994 2 185 1 782 3 356 Павлодар Ақтау
Күнбағыс майы, литр 401 433 380 495 Карағанды Ақтау
Жұмыртқа, он дана 250 265 187 322 Петропавл Алматы
Тұз 51 52 40 59 Ақтобе, Орал Алматы
Картоп 126 87 56 123 Карағанды Ақтау
Ақбас қырыққабат 105 200 165 304 Шымкент Нүр-Сұлтан
Басты пияз 97 99 80 141 Павлодар Нүр-Сұлтан
Сәбіз 120 108 70 153 Павлодар Ақтау
Алма 416 364 290 495 Түркістан Өскемен
Банандар 564 521 440 619 Қостанай, Орал Ақтау

Елена Шаерман


автормен xабарласу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу