Базарда екі дурәқ болса?

Новость на Казах-зерно:

Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан қала мен Өзбекстанның арасы 120 шақырым екені барлығына мәлім. Соныдқтан азық-түлік алу үшін Ташкентке барып келуге болады, жолақы 700 тг. Бұны ескерген «КазахЗерно.kz» АА меншікті тілшісі сәрсенбі күні жолға шықты. Айта кету керек, бұл күні Ташкенттен базар күні. Кеден бекетін өту үшін бір сағат уақыт кетті.

Ескі қалада орналасқан Чорсу базарына бардым. Шығыс базарында жеміс-жидекпен көкністің түр-түрі бар. Бұл жерде «Базарда екі дурәқ – біреуі сатушы, біреу сатып алушы» мақалын толық ұққандай боласың.

Шынымен де, базарға шеттен келген сатып алушыны аңғарған сатушылар бірден бағаны шарықтатып жібереді. Ал егер, саудаға бар ыңтаңмен ат-салыссаң өз бағасына алуға болады. Таңқурайдың келісі 300-400 теңге тұрады (Шымкентте 600 теңге, ал соңғы бірнеше жылда баға мың теңгеге дейін жеткен), үлкен өріктердің бағасы 100-200 теңгені құрайды (Шымкентте – 400 тг), қызыл шиенің бағасы 100-200 теңге (Шымкентте 700 теңгеден кем емес), Қызанақ, үгіршік – 100 тг (Шымкентте 300-400 тг).

Ташкенттегі кептірілген жемістердің бағасы тіптен арзан, біраұқ олар былтырғы.

Керісінше еттің бағасы Ташкентте қымбат, қой мен сиыр етінің келісі – 2000 теңгеге жақын. Сатушылардың айтуынша, бұл жақтағы ет Шымкенттен әкелінеді.

Бағалардың арзан болғанына қарамастан шекарадан жемісерді тасуға ешкім асықпайды. Себебі, фитобақылау қажет етіледі. Дегенмен, жемістің бір – екі келісін алып өтуге мүмкіндік бар, бірақ, жолыңыз болса әрине!


Рамзия Юнусова


автормен хабарласу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу