Бас киімдер болар еді, қойларымыз болса

Осыдан бірнеше күн бұрын «КазахЗерно.kz» электрондық поштасына Әзірбайжанда тұрып, қаракөлден бас киімдер тігетін кәсіпкерлердің бірінен хат келді. Ол «QazaqZerno» агенттігінің сайтында ызылордалық қаракөл селекционерлері сұр-көк түсті қаракөл қойларын өсіре бастағаны туралы жазылған менің мақаламды (үш жыл бұрын жазылған) тауып алыпты. Оған дәл сондай түрі керек, өйткені ол шәпкелер мен папахаларды тігу шеберлерінің әулетінен шыққанын айтты. Кеңес одағы кезінде әкесі осы іспен айналысқан, сондай- ақ, бүгінгі күні осы істі өзі жалғастыратынын хабарлады.

Менің сұхбаттасушымның айтуынша, мал өсірушілер бірнеше рет қаракөл қойларын Әзірбайжанға әкелген еді, бірақ, ауа-райы жағдайы сәйкес келмеген сияқты. Көп ұзамай қойлар қырылды. Сондықтан, бұл жағдайдан шығатын бір жолы – басқа елдерден шикізат іздеу. Атап айтқанда, бір кездері қаракөл шаруашылығымен танымал болған Қазақстаннан. Маған шетелдік тұрғынға бұдан былай бізде қаракөлдің жаппай өндірісі жоқ екені туралы хабарлау тура келді. Бірақ, облысымызда қаракөл шаруашылығын жандандыруға талпыныстары болғанын атап айтайық.

Үш жыл бұрын Жаңақорған ауданында сирек кездесетін түстердің екінші ұрпағын шығарған еді. Бірақ, оларға сұраныс болмағандықтан, қаракөл қойларын етке жіберді. Біз тәжірибені 2014 жылы бастадық. Оның нәтижесі келесідей болуы керек еді – сұр және көк түстегі қаракөл терілерінің жылына 66 мың данасын экспорттау. Тері мен теріден жасалған өнімдерді экспортқа шығару жоспарланған. Бірақ бұл көлемде қаракөл шаруашылығын дамыту мүмкін емес екені белгілі болды.

«Біз тәжірибеге қатыстық, бірақ, мәселе шешілмеді, өйткені теріні сатып алушылар болмады», – дейді Жаңақорған ауданы «Бақытжан» ЖШС директоры Әлібек Нәлібаев. – Келген кәсіпкерлер теріге 1000 теңгеден ғана ұсынды, мен ол үшін кем дегенде 25 мың теңге алуды жоспарлағанмын. Көгілдір терілердің ағымды шығарылуы іске қосылмай қалды, өйткені өңдейтін жабдық жоқ. Оны 2017 жылы орнатуды жоспарлады, бірақ қаракөл өндірісіне көмекқаржы бөлінбегендіктен, өндіріспен айналысу тиімсіз болды.

«Біз де сол тәжірибеге қатысып, бірінші жылы алғашқы 50 сұр-көк қозы шығардық», – дейді Жаңақорған ауданындағы «Ынтымақ» ШҚ директоры Рахымбаба Құттыбаев. – Үш жыл бойы өсірумен айналыстым, бірақ теріге сұраныс болмай қалды. Мемлекет тарапынан теріні, сүйектерді және жануарлардың жүнін өңдеуге көмекқаржы бөлінбейді, ал қаржысыз бұл саланы дамытуға шамамыз келмейтіні анық. Сондықтан, біз тірі салмақпен қой етін сату үшін, Атыраудың етті қаракөл тұқымын сатып алып, өсірумен айналысамыз.

– Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, Халықаралық Қаракөл қойларын өсіру қауымдастығының президенті Хисметолла Үкібаевтың айтуынша, экспортқа шығу үшін Қызылордалық қаракөл өсірушілеріне біраз уақыт керек. Жоғары сапалы өнімдерді алу үшін жылдар қажет, ал мал өсірушілерге табын өсіру тиімсіз, өйткені олардың еті аз, ал терісіне сұраныс жоқ. Жеке сатып алушыларды емес, ірі экспорттаушыны қызықтыру үшін көлемді өндіріс қажет.

Кеңес заманында Қызылордада өндірілген қаракөл Ленинградтағы жануарлар өнімдерінің аукциондарына жіберілген. Терілер сәнді заттар жасау үшін қолданылды. Біздің облыста ол кезде әр ауданда бірнеше мамандандырылған қаракөл өсіру совхозы болған еді. Кеңес одағының ыдырауымен қаракөл шаруашылығы да құлдырады. Қаракөлді өсіру мамандандырылған шаруашылықтар тоқтап қалды, ал саланы қайта жандандыру өте баяу жүріп жатыр. Ол үшін ірі асыл тұқымды фермалар, ғалымдардың мал өсірушілерге көмегі қажет. Асыл тұқымды малды күтіп-ұстауға және өсіруге мемлекет тарапынан қаржылық қолдау болмаса, сала тоқтап қалады. Сол себептен, құнды жүн сұранысқа ие болмай қала береді.

Бүгін мен Әзірбайжандық оқырманға телефон шалып, оның қаракөлді арзан бағаға тапқан-таппағанын сұрадым. Ол Өзбекстан Республикасының Бұхара қаласынан тапқанын хабарлады. Жақында сол жерге шикізатты таңдау үшін ұшады екен. Ұзақ мерзімді келісім – шарттарға үміттенуде. Сондай – ақ, бізде де бас киімдер болар еді, қойларымыз болса!


Мира Жақибаева

с автором можно связаться по адресу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу