Балық шаруашылығы осылай дамып келеді

Жамбыл облысы Талас ауданындағы Мыңшұқыр су қоймасында жүз мыңнан астам шабақ жаңа баспана тапты, деп хабарлайды «КазахЗерно.kz» тілшісі.

Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мыңшұқыр су қоймасы Тамдин ауылдық округінің аумағында орналасқан. Қазір мұнда «Тоба» шаруа қожалығы жұмыс жасауда. Жуырда шаруашылық су қоймасына ақ сазан, күміс тұқы, тұқы тұқымдас 106 мың бас шабақтарын жіберді. Шабақ Түркістан облысы, Сарыағаш қаласының «Алтын Балық–2020» ЖШС–нен сатып алынған.

«2020 жылдан бастап Мыңшұқыр су қоймасының акваториясын «Тоба» шаруа қожалығы он жыл мерзімге жалға алды. Келісім шарттарына сәйкес, жалға алушы екі жылда бір рет су қоймасына кемінде 90 мың шабақ жіберіп, олардың дамуына жағдай жасап, балықтардың табиғи уылдырық шашу кезеңінде барлық ережелерді сақтауы тиіс», – делінген хабарламада.

Мыңшұқыр су қоймасының сыйымдылығы 7 миллион текше метрді құрайды. Қазіргі уақытта 2,05 млн текше метр суға нақты құю қарастырылған. Су гидротехникалық құрылысқа іргелес жатқан 365 гектар егіс алқабын суаруға, сондай–ақ балық өсіруге пайдаланылады. Су қоймасының иесі – «Жамбыл су Қоймалары» коммуналдық кәсіпорны.

Мыңшұқыр су қоймасындағы шабақтарды суға жіберу барысын Талас ауданы әкімінің орынбасары Медет Өрістенов, сондай–ақ Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының, облыстық прокуратураның балық инспекциясы басқармасының өкілдері бақылады. Жамбыл облысы бойынша Шу–Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, Жамбыл облыстық балық шаруашылығы қауымдастығының төрағасы.

Ольга Миллер

Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу