Қазақстанның ет жобасынан кім ақша табады

Сапархан Омаров 2019 жылдың ақпан айында Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалғанда, елдің «ет жобасын» не күтіп тұрғаны белгісіз болатын. Шынында да, шамамен бір уақытта, мал өсіретін олигархтар парламенттегі «өздерінің» мәжілісмендері арқылы, өткен жыл бойынша субсидиялардың ондаған млрд теңге төленбей қарыз болғандары туралы дауыстай бастады.

Мал өсірушілер алда

Сонымен бірге, Ауыл шаруашылығы министрлігі үнсіз қалды, бұл таңқаларлық емес – ҚР АӨК басшысы, тәуелсіз тұлға емес және оған ешкім ауыз ашуға мүмкіндік бермейтіні анық.

Бірақ көп ұзамай парламентте тағы бір мәлімдеме жасалды, бірақ бұл жолы Мамытбековтың кезінде мемлекет есебінен барлығын үйіп- төгіп алған ірі мал шаруашылықтарының пайдасына емес.

Сонымен, мамыр айында мәжілістің аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы Берік Оспанов ҚР АШМ-нің бұрынғы басшылығымен әзірлеген субсидиялау схемасында (Асылжан Мамытбеков және оған Қазақстанның Ет одағынан жақын адамдар) мемлекеттік қолдау тек ірі мал шаруашылықтарының пайдасына бөлінетіндігін атап өтті. Ал саланың дамуы және ет өндірісінің бар жүгі ұсақ шаруа қожалықтарына жүктелген дейді «КазахЗерно.kz» сарапшысы.

«Шағын мал шаруашылықтарын құруға бағытталған инвестициялар мен шығындар субсидияланбайды. Яғни, біз істі жаңа бастаған фермерлерді мемлекет қолдауынсыз қалдырамыз, ал Министрліктің 2017-2028 жылдарға арналған ет мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы оларға көзделіп әзірленген. Біз өзімізге қайшы келе жатқанымыз анық», – деді Берік Оспанов. Ол мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде жеке қосалқы шаруашылықтар әрқашан маңызды рөл атқаратындығын атап өтті. Бұл үшін оларды қолдау шаралары қажет. Жеке қосалқы шаруашылықтарды отбасылық фермаларға айналдыру үшін, ынталандырушы жағдайлар жасау қажет. Мұндағы ең бастысы – несиелер мен инвестициялық субсидиялар ғана емес, сонымен қатар мал жаю мен мал азығын дайындау үшін жер.

Орындалмаған жоспарлар

Осылайша, Мәжілістің аграрлық комитетінің жаңа басшысы бұрынғыға қарағанда (яғни бұл Сапархан Омаров) жағдайды шынымен бағалайтыны белгілі болды. Ал енді сұрақ – ет жобасымен не болады? Өйткені, егер Ауыл шаруашылығы министрлігі бағдарламаны әзірлесе, онда парламент оны қаржыландыруға ақша береді.

Біз бұл сұраққа жауапты шілде айының соңында Сапархан Омаров үкіметке мал шаруашылығын дамыту жоспарларының сәл жаңартылған нұсқасын ұсынған кезде алдық. Олигархтар мен малшылардың сансыз тәбетін қанағаттандыру үшін қазынада ақша жетіспейді. Сонымен, өзгерістер қажет.

Бір қарағанда, Сапархан Омаров ұсынған құжат ақыл-ой мен ұзақ уақыт қазынаға жабысып қалған топтың сұраныстары арасындағы ымыраға келген сияқты көрінуі мүмкін.

Бірақ мұқият зерттеу барысында, өкінішке орай, Сапархан Омаров Мамытбековтің жолын жалғастырады және одан бір қадамға қалыспайды деп айтуға мәжбүр етеді.

Атап айтқанда: елге төлдейтін асыл тұқымды малды әкелу жоспарлары орындалмай қалды. Сонымен бірге, осы бағдарламаны жалғастыру үшін қаржыландыруды ұлғайту қажет. Мұны аграрлық бөлім қалай жасай алады? Тек басқа салаларды«тиімсіз» деп, белгілі бір субсидияларды шектеу арқылы. мемлекеттік қолдаудан айыру.

Яғни, ұсынылған мәліметтерге сәйкес, ет жобасының 2017 – 2027 жылдарға алдын ала салынған импорт көлемі ұлғайтылуы керек: 2019 жылы 98,5 мың бастан 2020 – 2022 жылы әр маусымда 200 мың басқа дейін. Осыдан кейін 2023 жылға 150 мың бас, 2024 жылы 60 мың бас.

Бұл жоспарларды «ҚазАгро» ҰБХ арқылы қаржыландыру ұсынылған болатын.

Алайда, бәрімізге белгілі, соңғы екі жылдағы 120 миллиард теңге астрономиялық шығындарға байланысты холдингтің болашақта жұмыс ітеуі сұрақ астында.

Мәселен, биыл мал импорттауға қажетті 70 млрд тенгенің 54 млрд тенгесі бар, ал келесі жылы қажетті 140-тың 46 млрд ғана бар.

Ал Ауыл шаруашылығы министрлігі не істеп жатыр? Ол импорт жоспарын жылына 70 мың басқа «қысқартуды» ұсынады. Бір қарағанда, ет олигархтарының тәбетін төмендеткендей. Шын мәнінде, осы «жарты» жоспарды орындау үшін бюджеттен қосымша қаражат қажет болады!

Сонымен қатар, теңгенің айырбастау бағамы жыл сайын құлдырайтын болса, бұл сома жыл сайын индекстелуі керек.

«Алтын схема»

ҚР АШМ-гі қызметінің негізгі бағыты өзгеріссіз қалды – мал өсіретін олигархтарды қолдау. Неліктен олар төлдейтін малды елге әкелу керек, екендігі туралы біз бірнеше рет жазғанбыз. Бұл адамдарға малдан пайда табуға мүмкіндік беретін айла-амалдарды еске салу артық емес.

Сонымен, Қазақстанның Ет одағының құрамына кіретін ірі мал шаруашылық компаниялары сонымен бірге өздері төлдейтін малды импорттаушылар, асыл тұқымды өндірушілер және бордақылау алаңдары болып табылады. Демек ет өндірісінің монополистері болып шығады.

Бұл монополистер қарапайым фермерлердің еңбегін осылайша пайдаланады: алдымен импортталған тайыншаларды оларға сатады, содан кейін өздерінің асыл тұқымды бұқаларын жалға береді. Осыдан кейін, фермер барлық қиын және қымбат жұмыстарды орындайды: бұқаны асырайды, жаңа төлді алады, оларды өсіреді. Сонымен қатар, ол күзде мал бордақылау алаңына жарты жастағы бұзауларды белгіленген бағамен – 350 мың теңгеге сатуға міндетті!

Сондай- ақ, асыл тұқымды өндірудің бордақылау алаңдарының иелері (фермерлер емес) мемлекеттік қолдаудың үлкен көлемін алады: қазынадан асыл тұқымды өндіруші бұқаны сатып алуға 150 мың теңге субсидия алады, тағы 100 мың теңге – техникалық қызмет көрсету үшін. Барлығы 250 мың мемлекеттік қолдаудың көмегімен, асыл тұқымды өндіруші алты айлық бұқаны өз қаражатынан тек 100 мың теңге жұмсап сатып алады. Сонымен қатар, іс жүзінде шығындар жоқ. Бұқасын бордақылау алаңында екі ай ұстаған асыл тұқымды өндіруші, оны етке 400 мың теңгеден астамға сатады. Яғни, табыстылығы 300 пайыз! Мұндай табыспен ет кәсіпшілігі мал өсірушілерді АШМ-не жақын олигархтарға айналдыратыны анық.

Аш сиырлар

Сонымен бірге, Ауылшаруашылық министрлігінде (Ет одағында тіпті аз) ешкім бірдей бюджеттік қаржыны айдау схемасынан «түсіп қалған» импортталған сиыр туралы ойламайды. Фермердің оған субсидия алып, бұқа әкелгеннен кейін (яғни күзде), оны күтуге ешқандай себебі қалмайды. Мұның басты себебі – бұл малды қыста азықтандыру мүміндігінің болмауында.

Мәселе мынада: елдегі қазіргі ІҚМ саны (шамамен 7 миллион бас) фермерлердің қыста азықтандыруға шамасы келетін белгілі бір мал санына сәйкес келеді. Күзде малды сырттан әкелу қандай болса да, фермер барлық «артық» сиырлар мен тайыншаларды жем-шөппен қамтамасыз ете алмайтындығынан, олардан құтылу (сату, сою) қажеттілігіне тап болады.

Сондықтан мал импорты бюджеттік ақшаның (субсидиялардың) босқа шашылуына айналады және елде асыл тұқымды төлдейтін малдың өсуіне әкелмейді.

ҚР АШМ-гі Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуде, Қазақстанда жем- шөппен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізілді. Талдау нәтижелері бойынша Республикада (2017 жылы) 6,4 млн ІҚМ, 18,4 ҰҚМ, 2,2 млн жылқы, 0,8 млн шошқа, 37 млн құс болған.

Сонымен бірге жем-шөппен қамтамасыз етілу бар-жоғы 58% құрады.

15,7 млн. тонна көлемінде шөп пен пішен өндірісінде тапшылық 11 млн. тонна (41%), мал азығы өндірісінде 1,247 млн. тонна, тапшылық 2,186 млн. тонна (64%) құрады, ал жем-шөп өндірісі 3,4 млн. тонна, тапшылық 1, 3 млн тонна (28%), сүрлем өндірісі 1,3 миллион тонна болса, тапшылық 3,4 млн тонна (75%).

Жалпы тапшылық

Міне, бірнеше сандарды келтірейік: Қазақстанда соңғы 25 жыл ішінде шырынды жем- шөп (сүрлем мен пішен) жасау үшін пайдаланылатын егістік алқаптар 28 есе азайды. Қысқарту елдің барлық аймақтарына әсер етті. Малдың тек шөппен азықтануы, барлық ережелерді бұзады, өйткені шырынды азықтар азық мөлшерінің кем дегенде 30% -ын құрауы керек. Әйтпесе, мал шаруашылығының экономикалық тиімділігі туралы айтудың қажеті жоқ.

Ғалымдар қазақстандық жануарлардың қазіргі азық мөлшерінде ақуыз жетіспеушілігі 25-30% құрайтынын есептеді. Осыдан екі мәселе туындайды. Біріншіден, етті мал үшін салмақ өсірудің төмен деңгейі және сүтті мал үшін сүт өнімділігінің төмендігі. Екіншіден, азық мөлшеріндегі тапшылықтың орнын толтыруға тырысып, жануар шөпті әдеттегіден әлдеқайда көп жейді. Бұл шығындардың артуына алып келеді және экономикалық тиімділікті төмендетеді. Сонымен қатар, жануарлардың өздері «артық» калориялы тағамды өңдеу үшін энергияны шамадан тыс жұмсайды.

Мал азығына шөпті қолданудың тағы бір мәселесі- каротин жетіспеушілігі. Бұл ең маңызды элемент – ең алдымен жас жануарлардың өсуі үшін қажет. Етті ірі қара мал семірген кезде салмағын оңтайлы қосу үшін қажет. Сонымен, каротин болмаса – ет те болмайды.

Шырынды жем- шөпті жинау арқылы ақуыздар мен каротинның жетіспеуінің орнын толтырудан басқа, қазір жануарларда қант жетіспейді, ғалымдардың пікірінше, азық мөлшерінде оның тапшылығы 50% құрайды.

Яғни, отандық мал шаруашылығының азықтық базасын құру жұмыстары нөлден басталуы керек.

Бұл жағдайда асыл тұқымды ірі қара малды (жеткіліксіз тамақтану жағдайында оған генетикалық потенциалды көрсету мүмкін емес), сондай-ақ төлдейтін малды (фермерлер оны азықтандыра алмайды.) импорттаудың еш мәні жоқ

Үй алдындағы жер

Сондықтан, елімізде ІҚМ етін өндіру мәселесін кешенді түрде қарау керек, ал шетелден мал импорты – бұл тек көзге көрінетін айсбергің басы ғана. Бұл жағдайда мәселенің негізгі бөлігі көлеңкеде қалады.

Шын мәнінде, жем өндірісі мәселесі басқада тұр: фермерлер арасында жердің жетіспеушілігі, дәл осы мәселеге Мәжіліс аграрлық комитеттің қазіргі басшысы Берік Оспановтың ауыл шаруашылығы министрлігіне назар аударуды ұсынды.

Сонымен қатар, жылы мезгілде мал жаю үшін жайылымдар, сондай-ақ суық мезгілде фермерлер жем-шөп бере алатын егістік алқаптары туралы сөз болып жатыр.

Естерімізде болса, 2018 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған ет жобасы бес жыл ішінде 80 мың жаңа ферма құруды және 20 мыңнан 100 мыңға дейін жеткізуді көздейді және Сапархан Омаров бұл жоспарларды жақында өткен үкіметтің отырысында растады. Алайда, былтыр сигналдар пайда болды: жер жетіспеушілігі мәселесі қолданыстағы шаруа қожалықтарын кеңейтуге және ЖҚШ –ын отбасылық шағын фермаларға айналдыруға мүмкіндік бермейді.

ҚР АШМ- нің дәл осындай зерттеуіне сәйкес, 2017 жылы 6,4 млн ІҚМ-дың 3,8 млн астамы (58%) ЖҚШ-да ұсталған. Сонымен қатар қарапайым ауыл тұрғындарының елді мекендердің маңында жайылып жүргеннен басқа малды асырауға мүмкіндігі жоқ. Бұл жерлер қарқынды пайдалану салдарынан тозған. Олар қосымша жүк- салмақты көтере алмайды.

Қыста азықпен қамтамасыз ету одан да қиын: егістіктері мен шабындықтары болмаса, олар жем-шөп өсіріп, жинай алмайды. Нәтижесінде, жем-шөпті фермалардан сатып алуы керек, бұл көбіне қаржылық қиындықтарды тудырып, ет өндірісін тиімділігінен айырады.

Сондықтан ауыл тұрғындары импортталған мал сатып алып, төлдейтін асыл тұқымды мал басын көбейте алады деген болжам ақталмайды.

Субсидиялар жұмсалды

Нәтижесінде, мал импорты, төлдейтін асыл тұқымды малдың көлемін ұлғайтуға арналған үкіметтің субсидиялауын басқа мақсаттарға пайдаланатын схемасын жасайды.

Ағымдағы жылдың маусым айында Нұр-Сұлтандағы есеп беру жиналысында сөйлеген АШМ- рі Сапархан Омаров, Қазақстанның оңтүстігіндегі шекара бекеттерінде жүргізілген тексерістер туралы хабарлады. Төлдейтін асыл тұқымды малдың Өзбекстан мен Қырғызстанға экспорты туралы көптеген фактілер анықталды. Оның үстіне мал құжаттары жоқ, контрабандалық жолмен сатылады.

Яғни, жағдай келесідей: фермер белгіленген тәртіппен импортталған малды (төлдейтін асыл тұқымды мал) сатып алады. Ол елдегі төлдейтін асыл тұқымды малдың санын көбейтуге көмектесетін мемлекеттік субсидияларды алады.Бірақ оның орнына (қыста бұл сиырды асырайтын ештеңесі болмайтынын түсініп) малды шетелге сатады. Нәтижесінде субсидиялардың тиімділігі нөлге тең: фермерлер мен ЖҚШ-ры жем-шөп пен жайылым мәселесі шешілмейінше, малды елге әкелудің мәні жоқ – ол бәрібір Қазақстанда көп болмайды. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Ет одағының алға қойған мақсаты, бюджеттен қомақты қаржы талап етуде – қол жетпейтін болып қала береді – елде мал басының өсуі байқалмайды.

Шынында да, ІҚМ етін өңдеу мәселесі төлдейтін асыл тұқымды малдың жетіспеушілігінде емес, оларды өсіру үшін ЖҚШ мен шағын фермалардың жем- шөбі мен жерінің жетіспеушілігіне байланысты.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда малды импорттаудың екі бағдарламасы басталды – алғашқысы асыл тұқымды (2011-2014 жылдары ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасы аясында) және қазіргі уақытта – 2017-2028 жылдарға арналған ет жобасы. Мамытбековтің жеңіл қолымен алғашқы жоба сәтсіздікке ұшырады – бірінші мақсатты индикаторға (2016 жылдың нәтижелері бойынша 60 тонна сиыр етінің экспорты) қол жеткізбегенмен қатар – ел сиыр етімен өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейіне де жете алмады (2018 жылдың қорытындысы бойынша 98%).

Ал қазір іске асырылып жатқан екінші бағдарлама, жақында болатын сәтсіздіктердің барлық белгілерін көрсетеді. Осыдан негізгі сұрақ туындайды: неге жалпы алғанда, ҚР АШМ мемлекеттік қолдаудың барлық бағыттары жыл сайын сиыр етін өндіруге аударылады? Неліктен он жылдық сәтсіздік тарихы агроөнеркәсіп бөлімінің тәсілдерінде ештеңені өзгертпейді? Көптеген сарапшылар бұл ұстаныммен келіспейді және құс, қой, жылқы және шошқа өсіруді дамытуды анағұрлым тиімді деп санайды.

Шошқа өсіру экспорты

Шошқа шаруашылығының артықшылықтары, оларды жабық жерде ұстайтындығы туралы айқын факті. Осыған байланысты жайылымдардағы ірі қара малдардан жұқпалы (сарып, қараталап және т.б.) ауруларды.жұқтыру қаупі аз болады.

Сонымен қатар, ішкі нарықта ұлттық дәстүрге байланысты, етке сұраныс шектеулі болғандықтан, шошқа шаруашылығының артықшылығы деп санауға болады. Сондықтан, бүкіл сала бастапқыдан тек қана экспортқа бағытталған (сату нарықтары – Қытай, Ресей) болады.

Азықтандыруға келетін болсақ, Қазақстанда астық өндірудің үлкен көлемі бұл мәселені жояды – төмен сұрыпты бидайды етке айналдыру, оны шетелге сатумен салыстырғанда әлдеқайда тиімді.

Шошқа етін өнеркәсіптік негізде өндіретін елдің, он шақты кәсіпорнын біріктіретін Қазақстанның шошқа өсіретін фермалар одағы басқармасының төрағасы Виктор Лим осылай деп түсіндірді:

«Бізде сиыр, қой және құс еті туралы көп айтылады, бірақ шошқа етін мүлдем еске алмайды. Бірақ, егер сіз әлемдегі ет тұтыну құрылымын алсаңыз, ондағы шошқа еті 40% құрайды. Бұл экспорттың үлкен болашағын ашады. Қазір Қытай жыл сайын 1 миллион 900 мың тонна шошқа етін импорттайды және оның көлемі өсуде. Оның үстіне бағасы өте қолайлы, келісі 3,5 доллар. Жылына тағы 265 мың тоннаны Ресей импорттайды. Сондықтан біздің міндетіміз – тек көлем беру».

Шошқа шаруашылығын дамытуды тежейтін факторлар Қытай нарығын ашудың кідіруі болып табылады. GSI американдық компаниясының қолдауы арқасында асыл тұқымдастыру мәселесін шешетін гибридті асыл тұқымды орталықты құрудың кешігуі де бар. Оны салу жобасы 2018 жылы мақұлданды. Бірақ мәселе қаржыландыруға қатысты болды. Жобаның бірінші кезеңінің құны (2,5 мың басқа арналған асылдандыру және будандастыру орталығы) 12 миллиард теңгені құрайды. Ірі қара мал өсіретін олигархтарға бөлінетін қаражатпен салыстырғанда ұсақ-түйек! Ақша «ҚазАгро» еншілес компанияларының бірінен өтуі керек. Бірақ олар шамасы жоқ: демек бәрі асыл тұқымды малды шетелден сатып алуға кетті …

Бірақ жобаның нәтижесі жыл сайын 100 мың тонна шошқа етін өндіруді қамтамасыз етуі керек, ол толықтай экспортталады және елге валюта түсімін әкеледі.

Дала дәстүрлері

Қазақстан үшін дәстүрлі қой еті мен жылқы еті үлкен экспорттық әлеуетке ие. Далада мыңдаған жылдар бойы олар осы жануарларға арқа сүйегені кездейсоқ емес.

Тек бір сұрақ туындайды – бұл ет түрлерінің құнын төмендету. Бұл қолдан келерлік. Мысал ретінде көршілес Моңғолия табылады, мұнда ішкі нарықта жылқы етінің келісі қазақстандық валютаға шаққанда шамамен 600 теңге тұрады. Ал Қазақстанда – 1600 теңгеден басталады. Қазақстанда қой етінің бір келісі қазір 550-600 теңгені құрайды, бірақ оны азайтуға мүмкіндік бар.

Дәстүрлі түрдегі ет түрлеріне бағаның төмен болуының себебі – Моңғолияда жылқылардың саны өте жоғары – шамамен 7 миллион, ал 3 миллионға жуық халқы бар. Яғни, әр адамға екі аттан шығады. Ал Қазақстанда алты адамға бір ғана ат бар.

Елімізде жылқылардың санын көбейту арқылы еттің құнын төмендету үшін Қазақстан бірнеше іргелі мәселелерді шешуі керек. Міне, ең алдымен, жылқыларды ұрлауға қарсы күрес қажет – қылмыстық жауапкершілікті қатайту, фермадан үстелге дейін ет жеткізілетін тізбекті құру және GPS-датчиктердің ұзақ мерзімділігі. Жылқы мен қой етіне сыртқы нарықта да, ішкі нарықта да сұраныс бар. Мәселен, араб елдерінде бір қойдың бағасы 350 доллар, ал Қазақстанда 100 доллар. Сондай-ақ, жылқы еті экологиялық тазалығы үшін жоғары бағаланады. Дәл осы салаларды дамыту үшін Қазақстанда барлық жағдайлар бар: егер қазіргі уақытта Қазақстанда жылқылардың саны 3 млн. болса, онда оның өсуін 50 млн-ға жетуі мүмкін, дейді белгілі тамақтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов. Оның сараптамалық пікірі Қазақстан аумағының 80% дерлік дала, орманды-дала, шөлейт екендігіне негізделген. Олар жылқыны ұстауға жарамды болып келеді.

Қой шаруашылығына келетін болсақ, қазіргі 18 миллион бастан 5-7 жыл ішінде ҰҚМ саны екі есе артып, 36 миллионға жетуі мүмкін.

Құс шаруашылығы

Сонымен қатар, жылқы еті мен қой етін өндіруді дамыту, олардың өзіндік құнын төмендету құс етіне деген сұранысты азайтуға мүмкіндік береді, бұл ретте өз өндірісі Қазақстанның ішкі нарығының қажеттіліктерін тек жартылай көбейтеді. Жасыратыны жоқ, бүгінде Қазақстандықтар құс етін тұтынушылық талғамына қарай емес, басқа ет түрлерінің бағасынан екі есе арзан болғандықтан таңдайды. Айтпақшы, құс еті өндірісінің ұлғаюына қарамастан, 2018 жылы қамтамасыз ету 51% -ға төмендеді, ол 2017 жылы 52% -бен салыстырғанда сұраныстың артуына байланысты Қазақстандықтар құс етіне көшуге мәжбүр, өйткені еттің басқа түрлері экономикалық себептер тұрғысынан қол жетімді болмай қалады.

Жылқылар мен ҰҚМ санының өсуі жағдайында жылқы еті мен қой етінің бағасы төмендейді – ал Қазақстанда еттің осы түрлерін таңдайды. Сондай- ақ, құс етіне сұраныс төмендейді. Сондықтан сарапшылар мал шаруашылығының барлық салаларына оның көлемін теңестіріп, мемлекеттік қолдаудың маңыздылығын өзгертуге кеңес береді. Фермердің өзі ауылшаруашылық министрлігінің саясатына емес, нарыққа назар аудара отырып, не істеу керектігін таңдай алады. Қазір мал өсіруге баса назар аударудың нақты өзгерісі анық: жылқы шаруашылығында және қой шаруашылығында субсидия жоқ, және барлық қаражат ІҚМ малды қолдауға жұмсалады.


Мырзабек Смагулов

с автором можно связаться по адресу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу