Қазақстанның ауыл шаруашылық министрілігі ірі қараның импортына екпін қоюды тоқтатты

Новость на Казах-зерно:

ҚР АШМ «Сыбаға» бағдарламасына өзгерістер еңгізді, осылайша шет елден ірі қара алу үшін субсидия алу пунктін алып тастады. Бұл жөнінде мәжілісмен Нұржан Әлтаев ғаламтор желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

«Енді субсидия  ҚАЗАҚСТАНДЫҚ өндірушілерден асыл тұқымды мал алуға да бөлінетін болады, екі жұманың ішінде «Сыбаға» бағдарламасына тиісті өзгерістер еңгізіледі », – деді мәжілісмен.

Естеріңізге сала кетейік, Нұржан Әлтаев өзінің депуттатық сұрауында, «Сыбаға» бағдарламасы арқылы ірі қара алуды несиелеу ережелері, 1000-нан асатын отандық асыл тұқымды шаруашылықтарды ойсырататынына, назар аударған болатын. Себебі мемлекет импортталатын ірі қараға ғана қолдау көрсетеді. Кесірінен отандық ірі қараға деген сұраныс төмендеп кеткен.

Бірақ, отандық ірі қара, шет елдікінен кем емес, керісінше, бағасы арзанырақ. Нәтижесінде бұндай процесстер Қазақстанға мал жеткізетіндерге ғана пайда әкеледі.

Нұржан Әлтаев ҚР АШМ Сапархан Омаровты кәсібилігі мен қарапайым шаруалар мен депутаттардың ойына құлақ түретініне  алғыс білдірді. Сондай-ақ, мәжілісмен ауыл шаруашылық саласын дамыту үшін талай жұмыс жасау қажеттігін алға тартқан ол, шаруаларды туындайтын мәселелер жайында ашық айтуға шақырды.


Сергей Буянов


автормен хабарласу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу