Қазақстандық құс өсіру шаруашылығы- субсидияларсыз дамымайды

«Қайырлы күн, бізде апатты жағдай болды. Отандық құс фабрикалары үлкен мегаполистер – Нұр-Сұлтан мен Алматы маңында қиын жағдайға тап болды», – деп телефонт тұтқасынан ҚР құс одағының президенті Руслан Исмаилұлы Шариповтың толқып тұрған дауысы естілді. Әрине, «КазахЗерно.kz» тілшісі бұл жағдай бойынша түсініктеме алуға тырысты. Сондықтан, кезекті рет біздің сайт болашағы бар, бірақ қандай да бір себептермен республикалық ауылшаруашылық саласының назарынан тыс қалған өкілдерге сөз ұсынады.

– Субсидиялардың біркелкі бөлінбеуі мәселесі, тіпті одан да кең – ауылшаруашылығының әсіресе құс шаруашылығының үнемі жеткіліксіз қаржыландырылуы, осы қиын-қыстау жылы өте қауіпті болуы мүмкін. Бұл республикалық деңгейде де, жергілікті деңгейде де жақсы көрінеді. Мәжіліс депутаты Нұржан Альтаев АШМ- нің көрсеткіштеріне сілтеме жасай отырып, 2019 жылы жеті облыста мәслихаттар ауыл шаруашылығына бөлінген 29,2 млрд теңгені басқа мақсаттарға қайта бөлді, бірақ 2017-2019 жылдары екі жылдың ішінде, қайта бөлінген жалпы сома, яғни іс жүзінде Республикалық АӨК алмаған қаражат 85 млрд. теңгені құрайды. Сондай- ақ – бір ғана Шығыс Қазақстан облысында 2019 жылы 4,1 миллиард теңге қайта бөлінді! Ветеринарлық шаралардан, және ауылшаруашылық тауар өндірушілердің субсидияларынан және қажеттіліктерінен басқа маңызды болған шаралар табылды. Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстары біздің саламыздағы кәсіпорындарды жеткіліксіз қаражаттандыру апатымен «ерекшеленді».

– Сіз атаған облыстарда жұмыртқа және ет бағытындағы құс фабрикалары қанша қаражат ала алмай қалды?

– Биыл бастапқыда тек Ақмола облысындағы жұмыртқа өндіретін құс фабрикалары субсидия алды (республикада өндірілген жұмыртқаның 18%, жалпы құс етінің 18%), жақсы, егер талап етілетін соманың 20% -ы болса, соңғы төлем қаңтар айында болған. Алматы облысында (сәйкесінше 20 және 46%) ал содан кейін тоқтап қалды, демек кешігіп қалғандарға, 2019 жылдың алғашқы үш айына субсидиялар алу туралы ұмытуға болады. Ережеге сәйкес, алты айдан кешіктірмей субсидиялауға өтініш беруге болады, ал қазір қазан айы, сондықтан қысқы жұмыс шығынға істелді. Бұл жағдай құс өсірушілердің қателігі емес – олар белгіленген тәртіппен, қажет уақытта өтініш жасаған еді, ал енді не болмақ? Демек ақша жоқ, бірақ шыдаңыз?

– Менің түсінуімше, бұл мәселе жан-жақты және ол АӨК мен құс өсіру шаруашылығы саласының деңгейіне бүкіл республика бойынша, аймақтық деңгейде және әр құс фабрикасының жұмысына тікелей әсер етеді. Микроэкономикалық деңгейден бастайық – жергілікті жерлерде субсидияның жетіспеу себебі неге әкелуі мүмкін?

– Мен сізге бірден жауап беремін: әлеуметтік шиеленістің күшеюі, салық төлемдерінің төмендеуі және тіпті кәсіпорынның жабылуы. Өндірістік тауықтар мен бройлерлер, әсіресе асыл тұқымды тіршілік иелері өте күйтаңдағыш болып келеді. Оларды бір күн тамақсыз немесе сусыз қалдыратын болсаңыз – жұмыртқа табуды немесе салмақ жинауды қалпына келтіру үшін 2-3 ай қажет болады. Тауық ұзақ үзілістен кейін, алтын жұмыртқаны тапқанда, бизнестің пайдасы қандай болады, оны өзіңіз бағалаңыз. Болашақта мұндай шығындарды көтеруге қалай қарайтыннына, кәсіпкердің беретін жауабын мен әдептілік салдарынана айтпаймын. Ал егер оған қоса аурулар келетін болса?

Мысал үшін алысқа барудың қажеті жоқ – мыңдаған құстар саны Ньюкасл ауруына шалдығып, бір-екі күнде қырылып қалған, жаңа «КазРосБройлер» зауыты бірнеше жыл бойы қараусыз қалды. Қайта өндірісті бастау үшін инвестордың айналым қаражаты жетіспеді және ол банкротқа ұшырады. Сондықтан айналым қаражатын толтыру үшін, бізге субсидиялар ауа сияқты қажет. Ақмола облысының өзінде, бір зауытта күніне миллионға жуық (!) жұмыртқа өндіріледі, елестетіп көріңізші, бұл тауарлы-материалдық қорларда қанша ақша өндіріледі. Және бір жағынан бұл тез бұзылатын өнімдер, ал екінші жағынан, зауыт оны сатудан күнделікті түрде ақша алмайды. Сонымен, субсидиялар уақытында бөлінген болса, бұл алшақтықты жоюға көмектесетін еді.

Келесі – кадрлар туралы айтатын болсақ. Көшедегі кездейсоқ адамды құс үйіне орналастыруға болмайды, кем дегенде бір жыл ол көмекші немесе көмекші қызметкер қызметінде болады, ол мамандарға да қатысты, себебі бұл тар шеңберлі мамандық. Енді сол Алматы облысында құс фабрикалары жабылса, 2000-ға жуық жұмысшылар мен мамандар көшеде қалатынын елестетіп көріңіз. Бір жағынан, бұл адамдарға жұмыс табу оңай емес, ал екінші жағынан, өндірісте олардың орнына біреуді табу қиын. Кәсіпорындарды ғана емес, сонымен бірге бүкіл өнеркәсіпті де жоя алатын дағдарыс.

– Өңірлік деңгейде бұл мәселелерге мемлекеттік реттеудің жүйелік шығындары қосылып отыратын шығар?

Иә, дәл солай. Біздің бұрыннан келе жатқан қайғымыз – субсидиялардың аймақтар бойынша біркелкі бөлінбеуі. Егер Қостанай, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында құс өсірушілер 100% алатын болса, онда Ақмола мен Алматыда олар нөлге отырады. Бұл таңдамалы көңіл керексіз қызбалық әділетсіздікті және түбінде жоюға әкелетін бәсекелестікті тудырады. Осындай жағдайға алып келген сол мемлекеттік реттеу шаралары болды. Атап айтқанда, ауылшаруашылық субсидиялары бір траншпен әкімдіктерге беріле бастағанда, ал бұған дейін олардың қатаң белгіленген соммалары мен нақты жаратылатын мақсаттары болатын.

Айтпақшы, құс өсірушілер одағы сол кезде құс фабрикаларында өндіріс көлемін алдын-ала сараптамадан өткізді, ол субсидия сұрау үшін қажет және біз әрбір санға жауап берген едік. Нәтижесінде, сала жақсы дамыды, ал қазір қазақстандықтар осы дамудың жемісін көруде – отандық кәсіпорындар жұмыртқаға деген қажеттіліктің 100% жауып, құс етінің өндірісін көбейтуде. Кейбір үкіметтік адамдарға біз алған шектің мәңгіге қалатыны, бойларын еркін ұстауға әсер ететін сияқты. Бірақ мұндай жағдай қолдаусыз сақталмайды – 90-жылдары мемлекет экономикадағы стратегиялық жоспарларға құлақ аспаған уақытты көрген кез-келген адам осымен келіседі.

– Ал, енді 90-шы жылдар емес, АШМ-гі бұл өрескел фактілерге қалай қарайды?

– Әрине, – АШМ-нің тиісті ведомствосы ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің жеткіліксіз қаржыландыруы нәтижесінде дефолт пен банкроттыққа ұшырауы, жалпы өндірістің төмендеуі, жоғары деңгейде бекітілген мемлекеттік бағдарламаларды тоқтатуға әкелетінін байсалды түрде бақылап отыра алмайды. Ауыл шаруашылығының әртүрлі салаларын субсидиялау үшін қосымша 36,6 млрд. теңге сұралған еді, бірақ қаржы министрлігі тиісті негіздің жоқтығына байланысты бұл сұраныстан бас тартты. Сондай- ақ, бір нәрсе жасалып жатқан сияқты, бірақ ешкімнің оған ешқандай қатысы жоқ сияқты.

Ең қызықтысы – құс фабрикалары жабыла бастаған кезде, кім кіләлі болады? Құс өсірушілер жемнің жоқтығына байланысты, үлкен еңбекпен өсірілген құстарын қашан пышақ астына алуға мәжбүр болады? Бұл өте нақты болжам, және мен қазір асыра айтып тұрған емеспін. Субсидия алмағандықтан, біздің кәсіпорындар айналым қаражатсыз және азықсыз қалуы мүмкін. Дәл қазір бидай сатып алу керек – тоннасы егіннің аздығына байланысты 70-80 мың теңге тұрады, ол былтырғы 40 мың теңгеге қарағанда едәуір қымбат. Наурызда не болады? 100 мың теңге ме?

Қазір төленетін субсидиялар және, тиісінше, жақсы бағамен сатып алынған бидай болашақта зауытты басынан көтеруге жұмсалатын көп ақшаны үнемдейді. Немесе отандық құс өсірудің жетістіктері туралы тек өткен шақта айтуға болады.

– Бюджеттік өндіріс субсидиялары айналым қаражатын толықтырудың жалғыз көзі болып табылады ма?

– Шындығында, дәл солай. Жарнамаланған «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасында жұмыртқа шығаратын зауыттарға қолдау шаралары қарастырылмаған, тіпті жеңілдетілген несиелер де жоқ. Олар жұмыртқа бағасын 12% -ға көтеру мүмкіндігі туралы айтты, өйткені олар ет бағасын 20% қыматтатты, бірақ бізде ондай мүмкіндік жоқ. Біріншіден, тұтынушыларға ұнамайтын мұндай шара, жалпы алғанда, ештеңе шешпейді. Екіншіден, осыдан екі аптадан кейін монополияға қарсылар осы жерде монополиялық қастандықты байқап, нарықтың барлық қатысушыларына бірнеше миллион айыппұлдарды жазып береді, оларды әлі де сотта шағымдануға тура келеді. Үшіншіден және ең бастысы, біз бағаны көтере алмаймыз, өйткені ресейлік өндірушілерге жол беріп, ішкі нарықты тез жоғалтып аламыз.

– Сонымен, біз ішкі саясаттың экспорттық әлеуетке қалай әсер ететініне жеттік. Шынында да, жоғарыда аталған мәселелер мен артықшылықтарды әрине кеден одағындағы көршілеріміз, бәсекелестеріміз және отандық ауылшаруашылық өнімдерін тұтынатын шетелдіктер мұқият қадағалайды …

– Бұл шындық. Бұл жерде шындыққа бет бұру керек және Қазақстанда құс шаруашылығы Ресей мен Беларуссиядан артта қалғанын мойындау керек. Иә, біздің Орталық Азия аймағында күшті әсеріміз бар: біз Қырғызстанды, Тәжікстанды жұмыртқамен толықтай қамтамасыз етеміз, біз Ауғанстан мен Монғолия нарығында бармыз. Бірақ саланың дамуына құс фабрикаларына арналған барлық өнімдердің дерлік болмауы кедергі келтіреді, біз бәрін шетелден сатып аламыз – науалар мен астаулар, минералдар, дәрумендер, тәуліктік балапандарды және басқасын – ал Ресей Федерациясы мен Беларусь отандық өндірісті жоғалтқан жоқ. Біздің өзімізде тек астықтың бір бөлігі ғана бар, бірақ бұл жеткіліксіз, мен жоғарыда астықтың жағдайы туралы айтқан едім.

Сондай-ақ, мемлекет аралық аумақта өзінің ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге көптеген артықшылықтар берілген Өзбекстанды есептен шығармау керек. Айтпақшы, қазір Өзбекстан біздің егістіктен бидайды өзінің құс фабрикаларына сатып алуда, бұл да қазақстандық құс өсірушілерінің сенімдерін артпайды. Біз бұл жағдайға тезірек жоғары деңгейде жауап беруіміз керек.

– Қорытындылай келе, қазіргі жағдайдан шығудың қандай жолын көресіз? Мемлекет және мүдделі тараптар отандық құс өсіруді дамытудың қандай аспектілеріне назар аударуы керек?

– Мен тағы да қайталаймын. Ауыл шаруашылығы мен құс шаруашылығының шұғыл қажеттіліктерін үнемі жеткіліксіз қаржыландырудың тәжірибесін тоқтату қажет. Біз бірте-бірте аш рационға отырдық, бірақ бұл тәжірибеден бас тарту керек. Сонымен, құс өсірушілер одағының мәліметтері бойынша, 2016 жылы барлығы салыстырмалы түрде жақсы болды – құс өсіруге 18 615 633 мың теңге (бөлінген малдың 42%) және 620 456 мың теңге қосымша субсидия бөлінді, іс жүзінде бекітілген қаражаттың 80% құрады. 2017 жылы мал шаруашылығындағы субсидиялардың тек 27% құс шаруашылығын дамытуға бөлінді – 19.536.000 мың теңге, бұл аз мөлшердің іс жүзінде тек 69% нақты бөлінді. 2018 жылы жағдай өте нашар болды – 22 075 168 мың теңге қажеттілікпен 13 720,493 мың теңге (62%) бөлінді, бірақ іс жүзінде 35% келді – 7 880 882,8 мың теңге.

Сондай-ақ, субсидиялаудың нақты мақсатын қайтарып, шығарылған өнімнің нақты көлеміне емес, қызметкерлердің санына негізделген трансфертті бөлудің ескірген әдіснамасын тоқтату керек.

Ең бастысы – отандық өнеркәсіп айналым қаражаттарынсыз, сатып алынатын жемсіз және болашақта кейбір кәсіпорындардың жабылып қалмауы үшін субсидия бөлу мәселесін тезірек шешу керек.

Қазір мемлекеттің әлеуметтік күн тәртібі қиын, жоспардан тыс үлкен шығындар болғанын түсінеміз (Арыс қаласын қалпына келтіру), бірақ құс өсіру саласына дереу қолдау көрсетсе, мемлекетке зияны келмейді. Өйткені, мемлекет пен ауылшаруашылық кәсібінің өзара іс-қимылының жағымды мысалдары бар: мысалы, Жамбыл облысында субсидиялауға қаражат жетіспеген еді, ал мәслихат жергілікті бюджеттен оларды төлеуге мүмкіндік тапты. Көріп отырғаныңыздай, егер жергілікті билік тарапынан қызығушылық болса, жұмыс істеу оңайырақ. Сонымен қатар, құс өсірушілер өз қамын ғана ойламай: қолдау шаралары үшін олар меморандумдар аясында өз өнімдерін әлеуметтік дүкендер мен жәрмеңкелерге, мектептер, ауруханалар мен балалар мекемелеріне арзан бағамен жеткізе алады.

Біз мемлекеттік қолдауды жоғары бағалаймыз, соның арқасында жаңа құс фабрикалары ашылуда, және біз құрылымды сұхбатты қолдаймыз, өйткені, әдетте, өзара жол берушілік әрқашан тиімді болады.

– Осы оптимистік жазбада … Сұхбатыңызға рахмет.


Наталья Журавлева

с автором можно связаться по адресу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу