Қазақстандық ет олигархтарын бюджеттен алшақтатты

Әйтеуір, Қазақстанның жоғары лауазымды шенеуніктерінің арасында бюджет қаржысының көзінен ет олигархтарын алшақтатуға қорықпайтын адам табылды. Біз ондаған жыл бойы агроөнеркәсіптік кешендерінен бар пайдасын«сығып», көз алдымзда шылқып жүрген «шымкенттік жігіттердің» әрекеттерін күтеміз. Сонымен бірге, Елбасының бұйрығына қарамастан саланың өзі экономиканың драйвері бола алмайды.

Миллиардтардың азаюы

1 қазанда Қазақстанның ет олигархтарында аза тұту күні болды. Себебі, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Республикалық бюджетті нақтылау кезінде, Асылжан Мамытбеков пен оның жебеушісі Өмірзақ Шөкеевке жақын сүйенетін қайраткерлер қалталарына тығып үйренген миллиардтаған соммаларды бөлуді қолдамады. Олардың барлығы ҚР-ның АШМ- нің бұрынғы басшысының күш-жігерінің арқасында, мемлекеттік қолдауды жеген негізгі арнасы болған атақты Қазақстанның Ет одағының құрамына кіреді. Салаға ешқандай пайдасы жоқ.

Сонымен, тәбеттің ас үстінде келуіне байланысты, жазда ет олигархтары ҚР АШМ-дегі жақын адамдарының қолдауымен Асқар Маминға ет жобасына арналған «көрме» дайындады. Ет өндірісін ұлғайту, мал басын арттыру және экспорттың үлкен көлеміне шығу сияқты жалған уәделерден тұратын әдемі орама астында, «ақша беріңіз» деп тұрған сол баяғы шірік өзек жасырылды.

Сонымен, беделді мал өсірушілер осы жылы 54 млрд теңге бөлінгенімен, тағы 16 млрд қажет деп есептеді (кестеге қараңыз)! Келесі 2020 жылы, тіпті күшті- 46 миллиард бөлінді, ал оларға 140 миллиард қажет! Келесі бес жылға дәл сондай қарқынмен жалғастырылады.

Еттің мал шаруашылығы бағыттарын қаржыландыру

Көрсетіштер

Жыл

2019

2020

2021

2022

2023

2024

Қорытынды

Қаржылан-

дыру көзі

ІҚМ импорты

қажет

70

140

140

140

105

42

637

КазАгро

бар

54

46

47

45

45

45

282

Отандық асыл тұқымды ІҚМ сатып алу

қажет

10

КазАгро

бар

Төлдейтін ҰҚМ сатып алуға

қажет

11,2

13,5

18

22,5

27

36

128,2

КазАгро/Жұмыспен қамту

бар

8

9

12

14

16

18

77

Жемдейтін алаңдарының айналымды қаражатын  қаржыландыру

қажет

25

КазАгро

бар

12

12

Асқар Мамин, шамасы, олигархтардың арсыздығынан аздап абдырап қалғанымен. Оларды жер- жіберіне жіберіп, қоя берді.

Қазақстан Республикасы Ет одағының басшысы Мақсұт Бақтыбаев ФБ-дағы парақшасында бірден екіжүзділікпен жас төгіп жылады:

«Премьер-Министр РБК-ның келесі отырысында мал шаруашылығына қаражат бөлуді қолдамады. Қысқасы, Қазақстан Республикасындағы бизнесті қолдау туралы білгіңіз келгені осы».

Алайда, бұрын сыбайлас жемқорлық ісі бойынша ҚР АШМ-нен жұмыстан шығарылған шенеуніктің өкініштері қолданушылардың тарапынан қолдау таба алмады.

«Бұл Қазақстандағы бизнесті қолдау болса. Кімның бизнесін енені- сұрақ», – деп ащы пиғыл пікір айтып, әлеуметтік желі қолданушыларының бірі жауап қайтарды.

Менің күлкімді келтірмеңіз

Димаш Кәрім осы тақырып бойынша өте мұқият сөйледі. Бақтыбаев онымен пікірталасқа кіруге тырысты, бірақ ол өте тез «жеңілді» – себебі, тәжірибелі фермерге жауап беретіндей дәлел жоқ.

Ұрлықтың бұл арнасын жабуға әлдеқашан уақыт болған! – деп жазды Димаш Кәрім. – Бұл мүлдем қолдау емес, бұл өзара бөлісу … Мен ауылда тұрамын, бұрыннан бері көптеген туыстарым, достарым мен таныстарым ауылшаруашылықпен айналысады. Қазіргі кезде – балалары да айналысады. Олардың ешқайсысы мемлекеттен бір тиын да алған алған жоқ! Біз субсидияларды «бөлудің» және жеңілдетілген несиелерді берудің механизмін ішнен білеміз, кейбіреулеріне өзім техникалық-экономикалық негіздеме жасауға көмектестім! Олардың бір ғана тұжырымы бар – шенеуніктермен барлығын пара беру арқылы ғана шешуге болады!

Сондықтан ауыл тұрғындары келесідей қорытындыға келеді: сәтті даму үшін мемлекеттік қолдауға емес, тек өзіңізге ғана сену керек. Барлық субсидиялар «өздерінің адамдарына» арналған, оларға сенуге болмайды.

Мақсұт Бақтыбаев бұл пікірмен дауласуға тырысып, жақын уақыттан бері субсидияларға барлық өтініштер онлайн режимінде қабылданатынын және шенеуніктермен қиылысудың қажеті жоқ екенін атап өтті. Бұл жаңалық Димаш Кәрімнің тек күлкісіне ғана себеп болды:

Менің күлкімді келтірмеңіз! – деп Бақтыбаевқа жауап берді. – Фермерлердің басым көпшілігі Интернетке кіруді білмейді …

Тағы бір қолданушы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша бюджеттен мал сатып алуға бөлінген миллиардтаған қаражаттың қалай жұмсалғанын нақты суреттеді. Оның айтуынша, мемлекет қатысуымен сатып алынған ірі қара мал, Қазақстанда мал басын көбейту үшін қалмайды (бұл – «КазахЗерно.kz» бағдарламасының мақсаты болса да), -сондай-ақ, Өзбекстанға кетеді. Шынымен де, қазір біздің бюджетіміз көрші елдегі мал шаруашылығына қолдау көрсетеді! Бірақ Ет одағына бәрібір, олар кез-келген жағдайда өз пайдасын алады.

Сонымен бірге, ет өңдеуді дамыту туралы ешкім ойламайды – мал өсірушілерге ұзақмерзімді жобаларға қаржы салғаннан гөрі шикізатты сату арқылы ақша табу әлдеқайда тиімді.

Өзбектер мемлекетімізден бөлінген қаражатқа, өздерінің мал шаруашылығын дамыту үшін, Қазақстаннан мыңдаған ІҚМ мен ҰҚМ экспорттайды. Жақын уақытта олар бізге өңделген өнімдерді қайта сатады! – деп жазды қолданушылардың бірі.

Және ол дұрыс айтады. 2011 жылы сол кезде Асылжан Мамытбеков басқарған ҚР АШМ-нің сол баяғы ұстанымының арқасында, Өзбекстан бір уақытта Қазақстаннан астық сатып алып, өзінің ұн тарту өнеркәсібін дамыта алғанын еске алуға болады. Енді өзбектер ұн өндірудің және экспорттаудың осындай көлеміне жетіп, биыл Қазақстанды әлемдегі ең ірі ұн экспорттаушылардың екінші орнынан жылжытудың қауіпі төнуде.

Дәл сол жағдай етпен қайталануда.

Бұрынғы министрлердің жекпе-жегі

Асылжан Мамытбековтің басты қарсыласы Асқар Мырзахметовтің ауылшаруашылық жобасына үкіметтің мақұлдауын алуы малшылар арасында шуылдың қатты естілуіне себеп болды.

Естеріңізге сала кетейік, Мырзахметов Мамытбековтен кейін бірден ҚР АШМ басшысы болған. Ол өзінің алдындағы адамның барлық жолдары мен сырларын ашудан қорықпады. Атап айтқанда, мемлекеттік көмектің 50% -ның 1% ірі ауылшаруашылық кәсіпорындарының пайдасына жұмсалған. Әрине, аграрлық бөлім басшысының «тағына» жақындары.

Мырзахметов бұл тұрақты тәжірибені реформалау үшін, елдің ауылшаруашылығы және жалпы ауыл тұрғындарын қолдайтын ӨҚШ- бағдарламасын ұсынудан бастады. Себебі ӨҚШ ауыл тұрғындар үшін жалғыз табыс көзі.

Өкінішке орай, Мырзахметовтің жоспарлары аймақтардағы қосымшалардың толқынына түсіп кетті. Нақты кооперативтер құрылмай қалды (дәлірек айтқанда, санаулы болған). Осылайша Асқар Мырзахметов тез арада министр қызметінен айрылып, оңтүстікте – Жамбыл облысындағы әкімдікке кетті.

Бірақ, аймақ басшылығы (негізінен аграрлық), Мырзахметовтың мемлекеттік қолдауды ӨҚШ бағытында жасау керектігіне сенімін күшейтті. Олар ел экономикасының болашағы және бүгінгі күнге дейін ет пен сүт өндірісінің негізгі бөлігін қамтамасыз етеді.

Жамбыл облысының әкімі Республикалық деңгейде жоспар жасай алмайтындықтан, ол аймақтық деңгейде сынамалы жобаны әзірлеп, ұсынды. Бюджеттік қолдау қажет, негізгі мәселе: әр ауылдық округте қажетті техникасымен, жабдықтарымен және айналым қаражаттарымен кооператив құру.

Бұл кез-келген қосалқы шаруашылықты ауыл тұрғындары үшін тиімді табыс көзіне айналдыруға мүмкіндік беред. Демек ол үшін, тағы бірнеше сұрақтарды шешу керек: жақсы жобаларды қолдау, жерді пайдалануға мүмкіндік беру.

Бұл жобаны қаржыландыру үшін Жамбыл облысының әкімдігі үкіметтен 46,4 миллиард теңге сұрады. Нәтижесі келесідей болжалады: 130 мыңнан астам отбасы (шамамен 600 мың адам) айына орташа есеппен 128 мың теңге көлемінде тұрақты табыспен қамтамасыз етіледі, ал 68 мың өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар жеке кәсіпкер бола алады. Сонымен қатар, облыста ауылшаруашылығының жалпы өнімі 34 пайызға, ал сүт пен ет өңдеу кәсіпорындарының шикізатпен жүктелуі 30 пайызға артады.

Асқар Мамин және оның үкіметтегі әріптестері бұл жобаны қолдады – ол барлық жағдайларын пысықтау үшін, сынамалы режимде жүзеге асырылады. Егер жоба оң нәтиже берсе, масштабтау бүкіл ел бойынша жүргізіледі. Осылайша, жылдан-жылға астық холдингтеріне және ет кластерлеріне құйылатын қаражат, қайтарымсыз түрде бұдан да көп қарапайым ауыл тұрғындарының пайдасына қайта бөлінеді. Ауылшаруашылығы саласына және бүкіл елге тиімдірек табыс әкеледі. Қосымша әлеуметтік мәселелер шешіледі, өйткені ауылда жұмыспен қамту өседі.

Ет олигархтарының көңілінен шықпайтыны түсінікті – жалшыларсыз қалу (атап айтқанда, ет тізбегінде Мамытбеков пен Шөкеев оларға тағайындаған рөлі), сондай-ақ, жомарт құйылымдарсыз, бүкіл Ет одағы карттан жасалған үйі сияқты құлайды: сондай- ақ, олигархтар астананың қақ ортасындағы жеке ғимараттарында, қаржы пайдасын алып отырғанда, ауыл тұрғындарының ешқайсысы тиын үшін қара жұмыты істеуге келіспейді.


Мырзабек Смагулов

с автором можно связаться по адресу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу