Қазақстанда союға жіберілетін ірі қара мен құстың саны 5% өсті

Новость на Казах-зерно:

Статистика мәліметтерінше, 2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында шаруашылықтар мен мал сою бекеттерінде сойылған ірі қара мен құстың тірідей салмағы 525,6 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5% артық, сиыр сүтін өндіру 3,1%  артып 1422,1 мың  тоннаны құрады, құс жұмыртқасының көлемі 2,4% өсіп 1746,2 млн. дананы құрады,-дейді «КазахЗерно.kz» АА.

2019 жылдың 1 мамырында өткен жылмен салыстырғанда, барлық санаттағы шаруашылықтарлдағы жылқы саны 9,4% артып 2960,6 мың басты, ірі қараның саны  5,3% өсіп   8475,3 мың басты; түйе – 7,7% , 233,6 мың бас; шошқа – 1,8% өсіп,  918,8 мың бас; қой – 1,5% , 21,7 млн. бас; ешкі – 0,2%, 3085,3 мың бас; құс – 7,8% , 45,5 млн. бас, – дейді статистика депаратаментінің мамандары.

Ірі қара малдың 57,3% – тұрғындардың қожалықтарында тіркелген, 34% – шаруа және фермерлік қожалықтармен жеке кәсіпкерлерде тіркелген, 8,7% – ауыл шаруашылық құрылымдарында, қойлар бойынша – тиісінше 55,7%, 39,8% және 4,5%; ешкілер – 70,7%, 28,7% және 0,6%; шошқалар – 63,3%, 11,8% және 24,9%; құстар – 27,4%, 1,1% және 71,5%.


Елена Шаерман


автормен хабарласу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу