Қазақстан қыркүйек айынан бері Ауғанстанға 75 мың тонна ұн мен астық сатқан

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық ұн мен астықты сатудың жай—күйін айтты, деп жазады «КазахЗерно.kz».

Республика жыл сайын экспортқа жеті—сегіз миллион тонна астық пен астық эквивалентінде ұн шығарады. Ауғанстан – қазақстандық аграрийлер мен ұн диірмендері өндіретін астық пен ұнның негізгі және дәстүрлі нарықтарының бірі. Өткен жылы оған 2 миллион тоннадан астам осындай өнім экспортталған.

Қазақстан аумағында жұмыс істейтін үш жүз ұн экспорттаушы кәсіпорынның жүз сексен үш кәсіпорыны әртүрлі мемлекеттерге, қырық тоғызы тек Ауғанстанға жөнелтеді. Олар қазірдің өзінде логистиканы түзетіп қойған және жылдар бойы қалыптасқан іскерлік байланыстары бар. Олар Ауғанстанда үкімет ауысқан кезде де жұмыс істейді. Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдері Құндыз, Тахар, Бағлан, Балх, Кабул провинцияларында сұранысқа ие.

Ауғанстанда үкімет ауысқанда серіктес елдермен сауда тоқтатылды. Банкаралық операцияларда, теміржол вагондарын жеткізуде қиындықтар туындады, өйткені иелері олардың қайтарылуы мен қауіпсіздігі үшін қорқады. Қазір бұл мәселелер шешілді: транзакциялар үшінші елдердің банктері арқылы жүзеге асырылады, вагондарға қызмет көрсетіледі.

Бір айдан сәл астам уақыт ішінде қазақстандық экспорттаушылар Ауғанстанға 60,2 мың тонна ұн мен 15,6 мың тонна астық жөнелтті. Болашақта жөнелтілімдер көбейе бермек.

Асылбек Жумагулов

Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу