Қазақстан не экспорттайды: бұқа әлде шұжық?

Новость на Казах-зерно:

Қарағанды облысы Бұқаржырау ауданы «Жаке» ШҚ ет кластері құрылуда. Өңір басшысы Ерлан Қошанов шаруа қожалығына бас сұғып, жобаның дамуының жаңа жолдарын ұсынды. Зәкірлі кооперация – Қазақстанның агробизнес дамуының басым бағыттарының бірі. Бұл жөнінде 18 маусымда күні есептік кездесуі барысында Сапархан Омаров айтқан болатын, – дейді «КазахЗерно.kz» АА меншікті тілшісі. Мал шаруашылығы саласында бұндай зәкірлі кооперацияларға малды бордақылау орны бар ірі асыл тұқымды мал шаруа қожалықтары жатады. Ал шағын қожалықтар асыл тұқымды бұқаларды жалға алып, асыл тұқымды мал басын көбейтеді. Жарты жылдық бұқаларды осы жерде тапсырып, малдың ақысымен қатар мемлекеттік субсидия алады. Бордақылаудан кейін, тиісті салмақ жинаған малдар сатуға оның ішінде қайта өңдейтін комбинаттарға жіберіледі. Бұндай жүйе қатысушылардың барлығына тиімді. Орташа шаруа қожалықтары да бордақылау орындарымен жұмыс жасайды. Мәселен, Бұқаржырау ауданындағы «Нура жай» ӘКК  бар. Жуырда мал басын асылдандыру үшін ангус тұқымдас 7 бұқаны жалға алған.

«Жаке» ШҚ келер болсақ, Үштөбе ауданында бордақылау орнын құру үш жыл бұрын басталған. Бүгінгі таңда 20 га аумақта америкалық технологиялар бойынша заманауи өндіріс орны құрылды. Бұл жер 5500 бұқаға арналған.

– Жақын болашақта бұл санды 10 мыңға дейін жеткіземіз. Ал, 2020 жылы 40 мыңға дейін бұқа бордақыланып сатуға жіберіледі, – дейді мекеме өкілі Алмас Сыздықов.

Ірі қараны сату бойынша мәселе туындамайды. Жуырда Өзбекстан АӨК дамытуы бойынша бағдарламаны іске қосып, бізден ірі қараны сатып алады. Бірінші партия 1000 бас тапсырыс берушілерге жөнелтілді. Әрбірін салмағы 400 кгдан кем емес. Иран нарығына шығу мүмкіндігі де бар. Үлкен сұранысты толтыру үшін «Жаке» жергілікті шаруалармен жұмыс жасап қана қоймай, өздерінің табындарын көбейту үстінде. «Сыбаға» бағдарламасы арқылы биылғы жылы Ресейден 5000 және Польшадан 2000 аналық мал басын сатып алу жоспарланған. Бұл малдың жартысы жергілікті шаруаларға сатылмақ. Алайда тірі малды сатумен ғана шектеліп қалуға болмайды. Елбасы 2022 жылға дейін қайта өңделетін өнімнің экспортың 2,5 есеге ұлғату тапсырмасын берген болатын. Яғни, шет елге сатылатын өнімнің бағасы жоғары болуы керек.

– Өңірде заманауи ет өңдеу комбинаты қажет. Қазіргі кезде «Қарапайым заттар экономикасы» жобасы жүзеге асу барысында, мемлекет тарапынан қолдау қарастырылған. Бизнес өкілдері бұндай мүмкіндікті жіберіп алмаулары тиіс, – дейді Ерлан Қошанов.

Айта кету керек, есеп беру кездесуі барысында Сапархан Омаров «Қарапайым заттар экономиясы» бағдарламасы аясында, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілеріне 100 млрд теңге несиелеу және ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуге 100 млдр теңге қарастырылғанын айтқан болатын.


Сергей Буянов


автормен хабарласу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу