Қазақстан күріш экспортын 10% арттырды

Ағымдағы жылдың тоғыз айында республикада 164,9 мың тонна күріш өндірілді (2020 жылдың сәйкес кезеңінде тіркелген деректерге + 10%). Өндіру бойынша Қызылорда облысы көш бастап тұр (150,5 мың тонна; жылына + 5%). Алматы және Түркістан облыстары сәйкесінше 6,9 мың тонна және 7,5 мың тонна өндірді, деп хабарлайды «КазахЗерно.kz».

Өткен жылы Қазақстанда 200,8 мың тонна күріш (+ 16,1%) өндірілді. 2021 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша қазақстандық өндірушілер жартылай, толық қабықталған немесе жарылған күрішке сұранысты 97,8%-ға (+ 1,6%) қамтамасыз етті. Өндіріс көлемінің артуына байланысты импорт бір жылда отыз алты жарым пайызға қысқарды. Елімізге барлығы 3,4 мың тонна күріш әкелінді. Экспорт, керісінше, 69,1 мың тоннаға дейін өсті (+ 7,6%). Шетелге экспортталған басқа тауарлардың ішінде бұл өнімнің үлесі 45,5 пайызға жетті. Ішкі нарықтағы сатылымдар да 82,7 мың тоннаға дейін өсті (жылына + 7%).

Биылғы сегіз айда қазақстандықтар 70 мың тонна күріш экспорттаған (20,2 млн доллар). Экспорт көлемі жеті пайызға, оны сатудан түскен түсім 12,3 пайызға өсті. Негізінен қазақстандық экспорттаушылар ТМД елдеріне күріш партиясын жөнелтті (68,3 мың тонна; + 7,2%). Оны Ресей Федерациясы (14,7 мың тонна), Тәжікстан (17,2 мың тонна), Өзбекстан (25,3 мың тонна) сияқты елдер сатып алды. ТМД-ға кірмейтін елдерге (1,7 мың тонна) күріш 2,2%-ға аз жөнелтілді. Оны Ирак (419 тонна), Моңғолия (1,2 мың тонна) сатып алды.

Асылбек Жумагулов

Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу