Қазақстан АӨК бұзған кім

«Мен шымкенттік жігіттердің өз мәселелерін бүкіл елдің есебінен шешіп жатқанынан шаршадым», – дейді Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің ардагері. Бұл жолы ақсақалдың ашулануына «Иволга» холдингінің негізін қалаушы Василий Розиновтың сот процесінің басталғаны туралы ақпарат себеп болды.

Василий Розинов кім екенін түсіндірудің қажеті жоқ – 1992 жылы құрылған «Иволга Холдингі» иесі, ол ақырындап Қазақстан мен Ресейдің 1,5 миллион егістік жерлерін басшылыққа алып, әлемдегі ең ірі ауылшаруашылық холдингіне айналды. Оған қоса, қуаттылығы 3 млн. тонна элеваторлар желісі (Қазақстанда – 20, Ресейде – 11 – «KazakhZerno.kz»), жанармай құю станциялары, ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар, мал және көлік компанияларын басшылығына алған.

Бірақ бұл бақытты ертегінің соңы 2017 жылы, «Иволга» банкроттық шегіне жеткен кезде келді. Василий Розинов бұл жағдайдан тек 90% активті инвесторға сеніп тапсыру арқылы құтыла алды. Ал 2018 жылы холдинг бұрынғы түрінде толықтай қызметін тоқтатып, қайта тіркеуден өткен соң «Олжа Агро». ЖШС деп аталды. Оның директоры – Айдарбек Ходжаназаров болатын.

Банкет кімнің есебінен болады

Агро-алыптың тез құлау себептерін түсіну үшін, алдымен оның шарықтап кету себептерін түсіну керек. Бұл жерде біз ақсақал айтқан «шымкенттік жігіттерге» келдік.

Сонымен, «Иволганың» тез өсуі 90-шы жылдардың аяғына- 2000-шы жылдардың басына келді. Таңқаларлық «кездейсоқтық» бойынша 1998 жылдан 2004 жылға дейін Қостанай облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев болды, ол ең беделді, саяси салмақты оңтүстіктерден шыққан. Осы кезеңде холдинг кеңейтіліп, мүлік сатып алған кездері. Соның ішінде элеваторлар да бар. Неліктен бұл маңызды? Ешкімді тыңдамай-ақ, Василий Розиновтың қорғаушысы, белгілі заңгер Константин Геращенко, жақында орталық газеттердің біріне Қазақстанда ұзақ уақыттан бері «ауыл экономикасы» қалай құрылғаны туралы берген сұхбатын тыңдасақ, өте қызықты байқауларды көреміз:

«Егер өткенді еске түсіретін болсақ, онда бірнеше жыл бұрын астық қолхаттары элеваторларда астықтың белгілі бір мөлшері сақталғанын растайтын құжаттар болған. Осы құжаттар кепіліне кәсіпкерлер несие алған болатын. Бүгінгі таңда, бұл қолхаттар барлығымен – ауылшаруашылық кәсіпорындармен, фермерлермен және несие банктерімен қатал әзіл ойнағаны белгілі болды. Неге? Себебі, астықтың бар-жоғын ешкім қадағаламаған, және біздің елде бәрі дәл осылай жұмыс істеді: олар өз ағымдық қиындықтарын шеше отырып, астықтарын сатты, жаңа егіс өнімдерімен астық резервтерін толтырды.

Ал, дайын қолхаттарға жаңа несие алды. Осылайша олар өмір сүрді. Яғни, біздің ауыл экономикамыз осылай құрылған болатын. Астық қолхаттары біреуге құқық беретін немесе оны міндеттерінен босататын құжат емес. Бұл элеваторда сақтауға астықты қабылдау туралы қағаздар ғана. Енді Ауыл шаруашылығы министрлігі схеманың қателігін түсініп, астықты қолхаттар орнына электронды аграрлық қолхаттарын енгізді, бірақ бұрынғы жағдайдың салдары әлі де жойылуда», – деді Константин Геращенко.

Министрдің жомарттығы

Константин Геращенко тәжірибелі заңгер болғандықтан, ол фактілерден қорытынды шығармайды. Бірақ бұл жағдайда «кімді кінәлау керек» деген мәңгілік сұрақтың жауабы анық – сондай дұрыс емес жүйені салған адам. Бұл кім? Ауыл шаруашылық министрлігі. Дәлірек айтсақ? Өмірзақ Шөкеевтің жақын одақтасы Асылжан Мамытбеков, содан кейін өзі ұзақ уақыт Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі басшысының орнында отырғаны туралы ешкімге ескерту қажет емес деп ойлаймын.

Көріп отырғанымыздай, «кімге пайдалы» деген ереже жұмыс істейді – бұл жүйе қаншалықты «дұрыс емес» болса да, бірақ ол білікті қолдарда өз рөлін нақты орындады. – «Иволга» әлемдегі ең ірі ауылшаруашылық холдингке айналуының өзі дәлел. Астық қолхаттары «шымкенттік жігіттердің» өздеріне пайдалы адамдарға қолдау көрсететін жалғыз құрал емес. Еске салайық, Асылжан Мамытбеков 2011 жылы рекордтық астық жиналған кезде, астықты шетелге жөнелтуге көлік шығындарын қалай субсидиялады. Осы миллиардтардың ең көп үлесін кім алды деп болжайсыз? Сонымен қатар, Асылжан Мамытбековтің қолынан мемлекеттік көмек алғаннан кейін, ауылшаруашылық холдингі астықты шетелде қымбат емес ішкі нарыққа қарағанда әлдеқайда жоғары бағамен сататын сәттілікке тап болды.

«Ауылдық экономиканың» барлық жүйесін «шымкенттік жігіттер» (ақсақал оларды солай атайды) бірнеше жылдар бойы дұрыс еместігіне және жетіспеушілігіне қарамастан, керекті адамдарға пайда түсіретіндей етіп құрды. Василий Розиновтың байлығы жүз миллион долларға бағаланған елдің миллионерлерінің тізіміне кіру кездейсоқ емес.

Гектарлық субсидиялар? Мінекейіңіз. «ҚазАгро»-дан арзан несие? Мінекейіңіз. Азық-түлік келісім шарт корпорациясының резервіне астықтың бағасы төмендеген жағдайда сатуға кепілдік бар ма? Мінекейіңіз. Көліктер шығынын субсидиялау? Мінекейіңіз. Ақтау теңіз портындағы еліміздегі жалғыз астық терминалы ең ірі астық компанияларына жұмыс жасайтынын Асылжан Мамытбеков жасырмай айтатын, бірақ оны мемлекет есебінен жеке бизнесті дамытудан басқа себептермен түсіндіретін.

Қол созып жүру

Холдингтің тәбеті шенеуніктердің оларды бюджет есебінен қанағаттандыру қабілетінен асып кеткен кезде, бұл бүкіл құрылымды шайқады. Сонымен қатар, теңгенің құнсыздануы, «ҚазАгро» холдингінің мәселелері (банкроттыққа тап болуы), егістің нашарлығы, астық сапасының төмендеуі және сыртқы нарықтағы бәсекелестіктің жоғарылауы болды. Сол кезде «шымкенттік жігіттер» батып бара жатқан кемеден қашуға тырысты».

Қалай? Жаңа тақырып тауып алды – танымал ет жобасы. Тағы да, бюджет есебінен жеке кәсіпкерлікті қолдаудың бұрыннан бар құралдары қолданылды: жеңілдетілген несиелер, жомарт субсидиялар, қолдау бағдарламалары және басқалар. Тағы бұл жүйе дұрыс еместігіне және жетіспеушілігіне қарамастан, мемлекеттік қолдау алушылар тек «қажет» компаниялар – астықтың орнына ет олигархтары болуын қамтамасыз ету үшін құрылған. Сонымен қатар, алдын-ала болжауға болады, бұл мал өсіретін шаруашылықтар да астық қорлары сияқты – бюджет қаражатынан алып тастағаннан кейін, тағдырлары бірдей болады.

Сонымен, ақсақал не үшін мұңайды? Оны Василий Розиновтың немесе Ет одағының тағдыры мазалайды ма? Әрине жоқ. Өмірлік тәжірибесін колхоздарда, совхоздарда және қазіргі заманғы ауылшаруашылық компанияларда өткен адам, табиғи ресурстар мен әлеуетке ие болғандықтан, Қазақстан «ауыл экономикасын» арам ойлар мен шенеуніктердің кесірінен, аграрлы, ең игі істің адамына туған жерінде тиімді бизнес құруға мүмкіндік бермеді. Сондай- ақ, өзін, балаларын, өз елін тамақтандыру үшін. Шенеуніктермен байланысы жоқ және бюджеттік қолдауды алмаған шаруашылықтар қанша жұмыс жасаса да, байып кетпейді. Жүйе бастапқыда ақаулы және қисық болғандықтан, өз күндерін жорға көреді. Қарапайым мысал – жанармай бағасы жыл сайын өсіп келеді – қандай да бір себептермен астық бағасы қалыпты тұр. Кімнің қалауы бойынша? Бұл қажеттіліктерді өтірік халыққа деген қамқорлығымен түсіндіретін сол шенеуніктер. Сонымен, бұл адамдар – аграрий қызметкерлерінің өздері! Егер оларға қамқорлық жасасаңыз келсе, күндерін көрудің жалғыз амалы, кабинеттеріңе барып, қол созып қайырымдылық сұрайтын жағдай туғызбай, өздеріне ақша табуға мүмкіндік беріңіздер.


Мырзабек Смагулов

с автором можно связаться по адресу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу