Қазақстанға импортталатын сиыр еті эскпортталатын өнімнен 3,5 есе көп

Новость на Казах-зерно:

Өндірістің перспективалары, сүт пен ет өнімдерін қайта өңдеу және экспорттау мәселесін 23 мамыр жұма күні, Қазақстанның Парламентінде талқылады. Қос палатаның отырсына, депуттардан басқа, атқарушы органдар, «Атамекен» ҰКП өкілдері, ауыл шаруашылық өндірушілері, шет елдік және отандық сарапшылар қатысты.

ҚР АШМ жұмысына қарамастан ауыл шаруашылығы саласы дағдарыста.

2011 жылы Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне Асылжан Мамытбековтың келіп, «біз әлемді қазақстандық сиыр етімен жаулап аламыз» ұрандатқаны барлығына мәлім. Министрдің даындаған прожектінің бірінші кезеңі құлады. Дәлірек айтқанда 2016 жылға дейін 60 мың тонна өнім экспортқа жіберіледі деген уәде, құр уәде болып қалды. Уәдені үйіп төккен сахнадан Мамытбеков те жоғалды. Бірақ, 2018 жылы ҚР АШМ атқарушы хатшы болып, Өмірзак Шүкеевтың қатарына қосылды. Уәдені үйіп төгуді қайта басатады: 2027 жылға дейін қой мен сиыр етін өндіру 600 мыңнан 1,6 млн. тоннаға дейін жеткіземіз деді. Уәді құр уәде болып тағы да қалды. Ағылшынша айтқанда «bullshit» – өтірік, бос сандырақ.

Мамытбековтың бос сандырағынан шаршаған, мәжілісмен Нұрлан Нигматулин палаталардың отырысында бұл жөнінде ашық айтты.

Мәжілісмен отандық өндіріс орындарына қайта өңдеуге қажетті шикізаттың тапшылығын алға тартты. Айтуынша, қайта өңдеу кәсіпорындарының жұмысы тек 60% толған. Ал Ресей мен Беларусияда бұл көрсеткіш 80% асып кеткен. Нәтижесінде елімізге осы елдердің сүт пен ет өнімдері импортталады. Нұрлан Нигматулин нақты сандарды да атап өтті:

– Әлі де 6 мың тонна сары май, 22 тоннадай ірімшік пен сүзбе, 6 мыңнан астам тонн етті импорттаймыз. Жалпы сомма 45 млрд теңге. Ал бұл өнімдерді өзіміздің қайта өңдеу зауыттарымыз шығара алады ғой, шығарулары да кажет. Яғни шама бар, өсу жоқ. 
«КазахЗерно.kz» АА сарапшысы бұл сандарға толығырақ тоқталғанды жөн көріп отыр. 
Қазіргі таңда мал өнімдері, дайын азық-түлік өнімдерін сыртқа сату бойынша көрсеткіштер Қазақстанның пайдасына шешілмейді. Бұған ҚР ҰЭМ статистика комитетінің 2019 жылдың бірінші тоқсаны бойынша қорытындысы дәлел. Дәлірек айтқанда: егер бұл тауарлардың экспорттағы үлесі 6,6% құраса, ал импортта – 10,9% құрады.

Егер ет және ет өнімдері жайында айтатын болсақ: шет елге $11 млн өнімі жіберілді, ал елге импортталған өнімнің құны $ 58 млн.! Импорттың көлемі экспорттан бес есе көп! Азық-түлік тауарының қандай қауіпсізідіг туралы айтуға болады? Мамытбековтың прожекті қандай экспорттың дамуын көздейді? Ішкі нарықтағы қажеттіліктерді толтыра алмай қандай экспорт болуы мүмкін?

Ең қызығы – ірі қара мал етінің сандары. Естеріңізге сала кетейік бұл секторды қолдау үшін, жүздеген миллион доллор ақша бюджеттен бөлінген еді. Алғашында, асыл тұқымды мал алу үшін, соңғы жылдары аналықтар сатып алу үшін. 8 жылдың ішінде бұл салада қандай өзгерістерді байқадық?

2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстан 783,2 мың тонна сиыр етін экспорттады! Ал елге еңгізілген ірі қара малды еті – 2819,2 мың тонна! 3,5 есе көп! Бюджеттің жүздеген миллионын жұмсаудың нәтижесі қандай деген сұрақ еріксіз туындайды? Мемлекеттік ақшаның қайда кетіп жатқанын құқық қорғау органдары анықтайтын кез келген сияқты?

Жылқы мен шошқаның жағдайы да мәз емес. Шет елге шошқа еті $260,6 мыңға (140 тонна) сатылды, ал атып алынған сомма $700 мың (493 тонна) құрап отыр. Жылқы еті мүлде экспортталмаған, ал импорт 329 тонна ($775 мың) құрады. 

Қой етіндегі жағдай кішкене болсын көңілге қонымды. Экспорт 460 тонн ($2 млн 543 мың), ал импорт бар-жоғы 6 тонн ($53 мың).

Ең қызығы: бұндай көрсеткіштердің жетуіне ҚР АШМ ешқандай көмек көрсетпеген. Қой өндірушілерінің таза еңбегі.

Сонда Асылжан Мамытбеков сияқты «көмекші» болмаса, басқа салада да даму болар ма еді? Не десе де оны жеңу мүмкін емес, қалай болғанда да мемлекеттік бюджетті жымқыру жолын табады.

Қазақстан ет одағының басшысы қызметіне, қандай еңбегімен көзге түсіп тағайындалды екен? Бұл саладағы мәселелерді түсініп, мәселені шешудің қандай жолдарын көрсетті? Аулы шаруашылық саласындағы ірі және шағын шаруалардың арасында жұмыс жасаудың қандай жолдарын ұсынды? Әлде оның бар жетістігі – ірі қара малына арналған субсидия жүйесі ме? Солай болған күннің өзінде де, жас малды өсіру сияқты ауыр жұмстың барлығын қарапайым шаруалар жасап жатқанда, бұл еңбектің арқасында ет олигархтерінің қалтасы қалыңдап жатты.

Екіншіден, ірі қара мал өсірудің қате екенін экспорт жүйесі де дәлелдеген болаты. Мамандар Қазақстанның табиғаты қой мен жылқыны өсіру үшін арналғанын талай рет айтқан болатын. 
Қой еті Еуропа, Қытай, араб елдерінде үдкен сұранысқа ие. Біздің елдегі жайылым жерлер де ірі қара мал емес қой мен жылқыға арналған.

Жылқымен де мәселе дәл сондай. Жылқы етіне деген сұраныс ел ішінде де үлкен. Тұрғындардың көбі құс етінен көрі, жылқы етін таңдар еді. Қазіргі кезде елдегі қажеттіліктің тек жартысын ғана Қазақстан жауып тұр, қалғанын импорт жабады. Туындайтын сұрақ – жылқы санын азайтын ірі қара мал басын көбейтуден не пайда?

Тарихты ақтарсақ, қазақтар ғасырлар бойы сиыр мен құстың етін емес жылқы мен қойдың етін жегенін көруге болады. Түрлі антибиотиктермен толтырлыған құс етін, табиғи өсірілген жылқымен салыстыруға болмайды да.

Парламентте өткен отырыс барысында, бұл саланы дамытудың жолдары ұсынылды. Нұрлан Нығматулин ауылды жерлерде шағын шаруашылықтар мен қайта өңдеу мекемелерін байланыстыратын арнайы мекемелер жүйесін құру қажет екенін айтты. Сондай-ақ ҚР ауыл шаруашылық министріне, жылдар бойы шешімін таппаған жемшөптік база мен бос жайылымдар мәселесі жайында да айтты.

Барлық шаруаларға ортақ мәселе – қаржыландырудың тапшылығы жайында да сөз қозғады. Бұл проблемалық мәселе  сөзсіз тікелей Асылжан Мамытбековпен байланысты. Ол барлық мемлекеттік қаржыны ауыл шаруашылық саласына «КазАгро» холдингі арқылы жіберіп отырған. Ал холдинг өз кезегінде  жылдар бойы шағын шаруашылықтардың қиындықтарын елемей, тек ірі шаруа қожалықтарымен жұмыс жасап отырған.

Мәжіліс спикерінің мәліметінше, берілетін несиелердің 96% ірі агроқұрылымдарға тиесілі, 4% – шағын шаруашылықтарға беріледі.

– Ауыл шаруашылық өнідірісі бұл ең алдымен – шағын және орта деңгейдегі шаруашылықтар екенін ескерсек, алдымен осы деңгейдегі шаруашылықтарға қолдау көрсету керек, – деді Нұрлан Нығматулин.

Биылғы жылдың басында Асылжан Мамытбеков ауыл шаруашылығы министрлігінен кезекті рет кетті. Бірақ, оның кезінде бастау алған ҚР АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы әлі де жұмыс істеп келеді. Шенеуіктердің өткен жылдардағы нәтижелерін ескерсек, бұл бағдарламаның ауыл шаруашылығына берері жоқ екеннін көріге болады! Сондықтан, Мамытбеков сияқты «артық қыламын деп тыртық қылмас үшін» қазіргі ауыл шаруашылығы министрі – Сапархан Омаровқа, саланы дамытудың басқа жолын тауып, басымдықтарды дұрыс қоюдан басқа амалы жоқ!


Мырзабек Смагулов


автормен хабарласу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу