Ауыл шаруашылығы нарығының сахна сырты: басты рөл кімдікі?

Новость на Казах-зерно:

Шымкенттік көкөніс базарлары өнімнің көптігімен көздің жауын алса, бағалары көңіл көншітпейді. Тіпті көтерме бағалары мен танылған орталық базардың өзінде өнімді арзан бағамен ала қоймайсың. Бірақ, барлығы біз ойлағандай емес?!

Үш күн бұрын шабдалыны келісіне 450 теңгеге ал құлпынайды 750 теңгеге сатып алдым, – дейді «КазахЗерно.kz» АА меншікті тілшісі. Саудагерлердің сөзінше, шілденің бірінен бастап бағалар көтерілген. Маусымның қызған шағында оңтүстіктегі жемістер мен көкөністердің бағасы көтеріліп кетті! Көкөінстің бірнеше келісі мен еттің кішкентай бөлігі, қалтадағы бес мың жоқ болады. Оңтүстікте өмір сүру арзанырақ дейсіздер!

Бұл мәселенің анық-қанығын білу үшін мамандар ауыл шаруашылық нарығының сахна сыртына бас сұғуды ұсынды. Сұрақтардың жауабын табу үшін, алдымен көтер ме бөлшектеп сауда жасау базарларының басында кім тұрғанын анықтау қажет. Пайда кімге түседі? Әлбетте ауыл шаруашылық өнімін өндіруші емес, ал алыпсатар. Кейде түрлі деңгейдегі әкімдер жәрмеңкелер ұйымдастырып, өнім өндірушілерінің өздері сауда жасайтынын, бағалардың арзан болатынын алға тартады. Сонда кімда алдғалыраы келеді? Себебі, тіпті аудандарда алыпсатарларды жою мүмкін емес. Жұмыс күнінің соңын күтетін болсақ, саудагерлердің түрі бүлініп кеткен өнімді жәшіктеп лақтыратынын көруге болады. Бағаны төмендетпеу үшін, жазғы маусымда күнделікті қоқысқа тонналап өнім лақтырылады.

Нұрлан Құралов – «Атамекен» ЖШС негізін қалаушы. Бүгінде Түркістан облысы қазығұрт ауданында 4 га бақшасы бар. Бақша қызметкерлері экологиялық таза өнімдерді өсіреді. Бірақ, мол өнім тиісінше көп пайда әкелмейді.

– Піскен алхорыны алыпсатарлар 100 теңгеге алады, ал 300 теңгеге сатады. Тәтті шабдалының 200 теңгеге алып, 400-500 теңгеге сатады. Әркім өз ісімен айналысу қажет. Біз өнімді өндіреміз. Біздің жұмысымыз мол өнімді өсіру, соны жасаймыз. Одан кейін өнімді қалаға апарып сататын шамамыз жоқ, сондықтан қалалық алыпсатарларға сату ыңғайлы бізге. Бірақ, нәтижесінде біз пайдасыз қаламыз. Бізден арзанға сатып алып, бірнеше есе қымбатқа сатып пайдаға кенеледі.

Орташа бағаларды қалай сақтап қаламыз? Жергілікті билік пен базар әкімшілігі келісіп, тұрғындар үшін ыңғайлы баға таба алады. Бірақ, агробизнестің қожалары үшін бұндай қадамға бару оңай емес. Себебі, мол пайдадан қағылуды ешкім қаламайды. Ет сөрелерінің айналасындағы жағдай шамалы басқаша. Еттің барлық түрлеріне деген баға көтерілуіне не себеп. Шенеуіктердің сөздеріне сенсек, мал басы өсуде, онда бағалар неге өсуде? Бұны кім шешеді?

Шағын шаруарлар үшін нарықтағы бағалардың тұрақсыздығы қиындықтарға әкеп соғады. Ертеңгі күнге деген сенімсіздіктің нәтижесінде, шаруалардың, кәсібін жалғастыруға деген ынта болмайды. 


Рамзия Юнусова


автормен хабарласу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу