Қызылорда облысында 29 бас ірі қара мен ұсақ мал бруцеллезбен ауырды, деп хабарлайды «КазахЗерно.kz».
Бүгін өткен брифингте облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ерсұлтан Апетов атап өткендей, ауру мал ветеринариялық–санитарлық талаптарға сай жойылды. Иелеріне өтемақы төленеді.
Қазіргі уақытта облыста эпизоотикалық жағдай тұрақты. Ағымдағы жылы аурулардың таралу ошақтарының алдын алу мақсатында республикалық бюджет есебінен аса қауіпті жұқпалы ауруларға 6 мың дозадан астам ветеринарлық дәрі–дәрмектер беріледі.
Бүгінгі күні облысқа 4 мың доза жеткізілді.
Жануарлардың 6 түрлі энзоотиялық ауруларына қажет ветеринариялық дәрі–дәрмектерді сатып алуға жергілікті бюджет есебінен 226,5 млн. Қазіргі уақытта келісімшарттар жасалды, жылқылардың, ірі қара малдардың және басқаларының ауруларын емдеуге қажет ветеринариялық препараттар жеткізілді, қалған 4 ауру бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізілуде. Қазірдің өзінде 125,5 мың сиыр, 77,4 мың қой мен қошқар бруцеллезге қарсы тексеруден өтті.
2021 жылы Қызылорда облысында стандартты жеті мал қорымын салу жоспарлануда. Оның бесеуі Арал ауданында, біреуі Қазалы мен Жаңақорған облыстарында болады. Сонымен қатар, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасындағы төрт ветеринарлық постқа ПДС дайындалуда. Сондай–ақ құс тұмауының алдын–алуға қажетті ветеринарлық препараттарға тоқталды. Қазіргі уақытта 67,5 мың құсқа вакцина егілді.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта мәліметтер базасында 362,9 мың ірі қара, 723,4 мың бас ұсақ мал, 170,1 мың бас жылқы, 51,9 мың бас түйе, 1,4 мың бас шошқа тіркелген. Түрлі жұқпалы және паразиттік аурулардың алдын алу мақсатында жыл басынан бері 6714 бас қаңғыбас ит пен жабайы мысық ауланып, жойылды.
Мира Жакибаева