Алғашқысы, өзіміздікі, асыл тұқымды

Новость на Казах-зерно:

«Аташ» шаруа қожалығы өздерінің  аналық сиырларынан алынған 50 бұқаны бордақылауға тапсырды.

Шаруа қожалық «Сыбаға» бағдарламасына қатысып шаруашылықтарын алты жыл бұрын дамыта бастады, – дейді «КазахЗерно.kz» АА меншікті тілшісі. ШҚ басшысы Б. Аблаев несие алып, Қостанай облысынан әулиекөл тұқымындағы бірнеше бұқа сатып алған. Әрбірінің бағасы жарты млннан сәл асады. Бұнымен қоса, Бастарбек 52 сиыр сатып алған екен.

Бүгінде шаруа қожалығындағы ірі қараның саны 200-ден асады. Оның ішінде бұқа мен бұзаулардың саны 150.

««Сыбаға» бағдарламасының қатысушыларына мемлекет жақсы көмектеседі. Сондықтан ары қарай дамып, мал басын көбейтуді көздеп отырмыз. Жемшөппен мәселелер туындамайды. Өзіміздің тәлімдік жерлерімізде арпа, суармалы жерлерде жоңышқаны егеміз», – дейді Б. Аблаев.

Бұқалардың салмағы 200 кг дейін жеткеннен кейін, шаруалар оны бордақылауға сатып жібереді. Әр келі үшін 200 теңге алады. Бордақылау орындарында бұқалардың саны 500 кг дейін жетеді. Одан кейін сюға жібереді.

Бордақылау қожалықтары да келісінен 200 тенге алады. Ет экспортқа жіберіледі.


Ирина Притула


автормен хабарласу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу