Ақмолықтар 2020 жылы шетелге 2 млн тоннадан астам астық жіберді

2020 жылы Ақмола облысының астық қабылдау кәсіпорындарынан экспортқа 2 млн 035,4 мың тонна астық жөнелтілді, деп хабарлайды «КазахЗерно.kz» тілшісі.

Ең үлкен көлем Өзбекстанға – 793,4 мың тонна жіберілді. Тәжікстан екінші орында – 326,1 мың тонна. Үшіншісі – Иран (312,9 мың тонна). Төртінші – ҚХР 281,2 мың тонна жөнелтілген.

Ауғанстанға 99,2 мың тонна астық жіберілді. 66,8 мың тонна – көрші Ресей Федерациясына. Түрікменстан 40,8 мың тонна алды. 32,8 мың тоннасын Италия, 19,8 мың тоннасын – Қырғызстан, 19 мың тоннасын – Түркия экспорттады.

Ақмола астығы бірқатар басқа еуропалық мемлекеттерге жеткізілді. Мәселен, Бельгия 6,4 мың тонна, Швеция — 5,9 мың тонна, Польша — 4,5 мың тонна, Дания — 3,5 мың тонна, Латвия — 1,6 мың тонна, Литва — 1 мың тонна, Эстония — 0,3 мың тонна, Германия —0,6 мың тонна. Естеріңізге сала кетейік, аймақтың астық өнімдері тіпті Африка Тунисіне 6,9 мың тонна көлемінде жеткізілді. Жалпы, Ақмола астығы 2020 жылы әлемнің 26 еліне жеткізілді.

Сонымен қатар, Ақмола облысының элеваторлары мен астық өңдеу зауыттары 2020 жылы астықты алыс және жақын шетелдерге ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының басқа аймақтарына жөнелтті. Мәселен, өткен жылдың 12 айында ҚР аймақтарына 640,2 мың тонна астық жеткізілді. Барлық өнімнің басым бөлігі Түркістан облысына жіберілді – 392,7 мың тонна, 101,2 мың тоннаны Алматы облысы сатып алды, 35,4 мың тонна – Қостанай, 27,1 мың тонна – Ақтөбе, 23,1 мың тонна – Шығыс Қазақстан, 20,6 мың тонна – Солтүстік Қазақстан, 18,4 мың тонна – Қарағанды облысы.

Оның 9 мың тоннасын Батыс Қазақстан, 8,2 мың тоннасын – Жамбыл, 4,6 мың тоннасын – Маңғыстау сатып алды. Нәтижесінде Қазақстанның 10 облысы астықты ішкі нарықтан сатып алды. Жалпы, 2020 жылы Ақмола облысы шетелге экспортпен және Қазақстанға жеткізумен бірге 2 млн 675,6 мың тонна астық жөнелтті.

Сонымен қатар, алдағы 2021 жылы астық тиеу де жалғасуда. Көлемдер енді онша үлкен емес. Соған қарамастан, осы жылдың 2 онжылдығында 32,2 мың тонна астық экспортталды, оны Иран (5,1 мың тонна), ҚХР (10 мың тонна), Тәжікстан (1,8 мың тонна) және Өзбекстан (15,3 мың тонна) қабылдады.

Жаңа жылдың 20 күні ішінде Қазақстанның ішкі нарығына 12,2 мың тонна жөнелтілді. Оның 6,6 мың тоннасы Түркістан облысына, 2,1 мың тоннасы – Ақтөбеге, 1 мың тоннасы БҚО мен Қостанай облыстарына, 0,6 мың тоннасы – Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан, 0,3 мың тоннасы – Алматы облысына жөнелтілді. Осылайша, Ақмола облысының астық қабылдау кәсіпорындарынан экспортқа және ҚР басқа аймақтарына астықты жөнелтудің жалпы көлемі 2021 жылдың 2 он күндігінде 44,5 мың тоннаны құрады.

Әлмұсаев Сәден

Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу