700 миллион бар, бірақ одан да көп қажет

Өткен жылы Қостанайдағы сүт өңдеу кәсіпорындарына бір миллиард теңге көлемінде субсидия төленді, деп жазады «КазахЗерно.kz».

Қайта өңдеуші кәсіпорындардың сары май, құрғақ сүт және ірімшік өндіруге арналған шикізатты сатып алу шығындары ішкі нарықты азық-түлікпен қанықтыру мақсатында субсидияланады.

Осы бағдарламаны жүзеге асырудың арқасында 2021 жылы облыста сары май өндірісі 31%, ірімшік пен сүзбе 6,3% артты.

–Ағымдағы жылы бұл мақсатқа жергілікті бюджетте 700 млн. теңге қарастырылған, – дейді Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Тимур Бисимбаев. – 1,7 млрд. теңге сомасында қосымша қажеттілік бар, біз ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне тиісті бюджеттік өтінім жолдадық.

Сондай-ақ өткен жылы өңдеуші кәсіпорындардың жаңа өндірістерді жаңғыртуға және салуға жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу бағдарламасы бойынша қостанайлық кәсіпкерлік субъектілеріне жалпы сомасы 929 млн. теңгеге инвестициялық субсидия төленді.

Түркістанов Тимур

Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу